сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ-да  (бұдан әрі –  Компания немесе ЕМГ)  бойынша ұйымдастырылған «Үздік маман-2019» шеберлік сайысының 2-кезеңі қорытындыланды

«Жайықмұнайгаз» МГӨБ-не қарасты С.Балғымбаев кен алаңының оқу-жаттығу полигоны аумағында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның  «Үздік маман-2019» сайысының 2- тур іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.  Екі күн бойы Компанияның құрылымдық бөлімшелерінен  70-тен астам ембілік мұнайшы мұнай-газ саласы бойынша мамандықтың 13 түрінен өзара сынға түсті.

- Биыл бесінші жыл қатарынан «Жайықмұнайгаз» МГӨБ С.Балғымбаев кен алаңы базасында кәсіпорнымыздың үздік мұнайшылары бас қосып келеді. Соңғы жылдары байқаудың ерекшелігі – қатысушылардың көбі жастар болып отыр. Соның ішінде, биыл бесеуі – Дуалды оқыту бағдарламасы бойынша компанияға жұмысқа қабылданған жас мамандар. Олар өз басқармаларында өткен байқаудың І турында тәжірибелі әріптестерінен үздік шығып, екінші кезеңге жолдама алды. Өндіріске жас мамандар келіп, олардың арасынан үздік мамандардың тәрбиеленіп шығуы – компанияның қол жеткізген үлкен жетістігі деп санаймын, - деп атап өтті байқаудың жабылу салтанатында  «Ембімұнайгаз» АҚ  Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.

Корпоративті байқаудың ІІ іріктеу турнирінде әр номинация бойынша үздіктер төмендегідей анықталды:

«Мұнай-газ өндіру операторы» номинациясы бойынша:

І орын – Ерболат ЖҰМАҒАЛИЕВ («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын – Айбек ТҰРСЫНБЕК («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Ислам САБЫР («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

 

«Ұңғымаларды зерттеу операторы» номинациясы бойынша:

І орын – Абылайхан ЖҰМАҒАЗИЕВ («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын – Абай ТЕКЕЕВ («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Ернар ТЕЛЖАН («Доссормұнайгаз»  МГӨБ)

 

 «Мұнайды дайындау операторы» номинациясы бойынша:

І орын – Арслан ДЖИЕНАЛИЕВ («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын – Нұрлан САПАРОВ («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Қуандық ҚОНАНОВ («Доссормұнайгаз»  МГӨБ)

 

 «Сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының операторы» номинациясы бойынша:

І орын – Асылбек КӨШЕКЕНОВ («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын – Мұрат ҚОСУБАЕВ («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Мұрат УРБИСИНОВ («Жайықмұнайгаз»  МГӨБ)

 

 «Жер қабаты қысымын сақтау операторы» номинациясы бойынша: 

І орын – Берекет ЕЛЕУЛИЕВ («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын – Руслан АБДРАХМАНОВ («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Аслан КАТПЕНОВ («Жайықмұнайгаз»  МГӨБ)

 

«Ұңғымаларды жерасты жөндеу операторы (бригада)» номинациясы бойынша:

І орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ бригадасы: Равиль ЕСМҰХАНОВ, Әміржан ҚОЙШЕКЕНОВ, Мақсот ШАРИЕВ;

ІІ орын – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ бригадасы: Келдібай САРИЕВ, Аманқос ШОНОВ, Тоқтамыс ҚЫМЫЗҒАЛИЕВ;

ІІІ орын – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ бригадасы: Нияз СМАИЛОВ, Жандарбек ҚҰЛЖАБАЙ, Ерлан ТАСМАҒАМБЕТОВ;

 

«Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеуші» номинациясы бойынша:

І орын – Асқар ҚАРЫМСАҚОВ («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын – Бекболат ТӘЖМҰРАТОВ («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Жанболат МАСҚАРОВ («Жайықмұнайгаз»  МГӨБ)

 

 «Электр газбен дәнекерлеуші» номинациясы бойынша:

І орын – Әділбек МҰХАМБЕТҚАЛИЕВ («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын – Мұрат АБДИЕВ («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Ербол АТАГУЗИЕВ («Доссормұнайгаз»  МГӨБ)

 

«Токарь» номинациясы бойынша:

І орын – Әлібек ТЛЕПҚАЛИЕВ («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын – Нұрсейіт ҚОҢЫРБАЕВ («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Айболат ЖҰМАКАЛИМОВ («Жайықмұнайгаз»  МГӨБ)

 

«Электр монтері (бригада)» номинациясы бойынша:

І орын – «Ембімұнайэнерго» басқармасының «Жайық» аудандық электр торабының бригадасы: Әлібек ТӨЛЕПОВ және Серік ҚОЙШЫБАЕВ; 

ІІ орын – «Ембімұнайэнерго» басқармасының «Мақат» аудандық электр торабының бригадасы: Бекназар АҚМУРЗИЕВ және Аршат ШАМАЙ;

ІІІ орын – «Ембімұнайэнерго» басқармасының «Прорва» аудандық электр торабының бригадасы: Қазбек ЕРЖАНОВ және Рүстем МЫРЗАҒАЛИЕВ 

 

«Химиялық талдау жасау зертханашысы» номинациясы бойынша:

І орын – Ләззат ИДИРКЕНОВА («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын – Данияр УМАРГАЗИЕВ («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Айсәуле ҚУАТОВА («Жылыоймұнайгаз»  МГӨБ)

 

«ЦА арнаулы көлігінің машинисі» номинациясы бойынша:

І орын – Нұржасар ГАЛИЕВ («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын – Айболат РАХМАНОВ («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Нұрлыбек ЖҰМАҒАЛИЕВ («Жайықмұнайгаз»  МГӨБ)

 

«Жүк таситын көлік жүргізушісі» номинациясы бойынша:

І орын – Аманқос ҚҰРМАШЕВ («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын – Амандық ТӨЛЕШЕВ («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын – Нұриахмет ЕРМЕКОВ («Доссормұнайгаз»  МГӨБ)

 

Жалпыкомандалық есеп бойынша:

І орынды - «Жайықмұнайгаз» МГӨБ ұжымы; 

ІІ орынды – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ ұжымы; 

ІІІ орынды «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ ұжымы иеленді.

Жүлделі орындарды иеленген барлық үздік мамандар арнайы дипломмен, ақшалай сертификатпен және имидждік сыйлықпен марапатталды. Байқау жеңімпаздары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ шеңберінде өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.

ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 жылдың 1-қазаны мен  2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.