сайт статистики

Ембілік балалардың бақытты балалық шағы

Жыл сайын 1-маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Ембімұнайгаз» АҚ өз қызметкерлері балаларының арасында «Менің бақытты балалық шағым» атты байқау ұйымдастырып келеді. Биыл бұл байқау «Қазақстан мұнайының – 120» жылдығына арналды.  

- Компанияның миссиясы мен құндылықтары аясында жұмысшылардың еңбегі, демалысы және денсаулықтарын сақтау бағытында қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасалуда. Ембілік мұнайшылардың балалары медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылып, жыл сайын жұмыс беруші есебінен жазғы лагерьлерде демалады. Шығармашылықтың балалардың жан-жақты дамуы үшін маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай осы байқауды ұйымдастыруды жөн көрдік. Мұнда олар еліміздің мұнай-газ саласының өткені, бүгіні мен болашағы туралы өз ойларын келтіріп, ата-аналарының ел экономикасының дамуына қосып жатқан үлестері туралы бала тілімен баяндауға мүмкіндік алады.  Кішкентай ембіліктердің бұл байқауға белсене атсалысқаны қуантады. Алпысқа жуық шығармашылық еңбектің ішінен үздіктерді анықтау қазылар алқасына оңайға түскен жоқ, - деп «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ балаларды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін арнады. 

Айта кетейік, аталған байқауға 52 бала қатысып, алпыстан астам еңбек түсті. Түскен еңбектерді саралап, үздікті анықтау мақсатында жасақталған қазылар алқасы құрамына заң, аудит және активтер, геологиялық барлау жұмыстары департаменттерінен, әлеуметтік саясат  және  жаңа техника мен технология, қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаменттерінен,   Кәсіподақ комитеті мен  «Жас мамандар» кеңесінің басшылығы, Қоғаммен байланыс қызметінің мамандары кірді. Қазылар алқасы екі күн бойы байқауға түскен еңбектерді мазмұндарына қарай саралап қорытындысын шығарды.

«Менің туған өлкем – мұнайлы өңір» номинациясы бойынша:

4-9 жас аралығы:

І орын - Ұлжан Есберген (бейнеролик);

ІІ орын – Бекзада Бауыржанқызы (сурет);

ІІІ орын - Алина Сүлейменова (сурет).

10-15 жас аралығы:

                 І орын – Әйгерім Халел (бейнеролик);

                 ІІ орын – Дамира Сәндіжан (эссе);

                 ІІІ орын – Жанель Ермек (сурет).

«Менің әкем/анам – Ембі мұнайшысы» номинациясы бойынша:

4-9 жас аралығы:

І орын - Жанель Амангелді (сурет);

ІІ орын – Айару Жоламанова (бейнеролик);

ІІІ орын –Шыңғыс Назар (эссе, сурет).

10-15 жас аралығы:

І орын – Зарина Нұрғали (эссе, бейнеролик);

ІІ орын – Камила Тілекбай (эссе);

ІІІ орын –Арайлым Ерболқызы (шығарма, сурет).

«Ертеңгі мұнай-газ саласының келбеті» номинациясы бойынша:

4-9 жас аралығы:

4-9 жас ерекшелігі бойынша   жүлдегерлер анықталмады. 

10-15 жас аралығы:

Бұл номинация бойынша түскен еңбектерде жүлделі І және ІІІ орынға лайықты жұмыстар  анықталмады. Сол себепті, ІІ орын ғана иесіне берілді. 

ІІ орын – Айғаным Дулатқызы (шығарма, сурет).

Ынталандыру сыйлығы:

4-9 жас аралығы:

- Ернұр Жаңабай  (сурет);

- Іңкәр Ернұрқызы (сурет).

 

15 жас аралығы:

- Мақпал Айтжан  (сурет);

- Камила Сейтқали (сурет);

- Дана Дулатқызы (шығарма, сурет);

- Меруерт Құлмағанбет (сурет);

- Гүлназ Қайратова (шығарма, сурет).

ЕМГ қызметкерлері балаларына арналған мерекелік шара аясында Компанияның интерактивті мұражайына саяхат ұйымдастырылып, байқауға барлық қатысушылардың еңбектерінен көрме жасақталды. Акт залында өткен жүлдегерлерді марапаттау шарасында 

мерекеге арнайы түсірілген бейнефильм көпшілік таныстырылып, компания қызметкерлерінің талантты балалары концерттік бағдарламасын ұсынды.   

                                                                   «Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі  

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 жылдың 1-қазаны мен  2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.