«Мен Ембілікпін» сайысының жеңімпаздары марапатталды
24.04.2019 ж. күні қалыптасқан дәстүр бойынша, бірінші басшының 2018 жылдың қорытындысы мен 2019 жылдың бірінші тоқсанының нәтижесіне арналған ұжым алдындағы есеп беру жиналысы осымен екінші рет Қоғаммен байланыс қызметінің ұйымдастыруымен болған «Мен Ембілікпін» корпоратитвтік сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінен басталды.
Биылғы сайыс «Ембімұнайгаз» АҚ қабылдаған Даму Тұжырымдамасының аясындағы Компанияның құндылығына және «Қарашүңгіл» құрылымындағы мұнай өндіру саласының 120 жылдығына арналды.
- Жеңімпаздарды құттықтай отырып, сайысқа қатысушылардың белсенділігі мен шығармашылық ұсыныстарына алғыс айтамын. Барлық қызметкерлерді, әсіресе, жастарды осындай корпоративтік шараларға, Компанияның бастамаларына белсенді қатысып, сол арқылы басшылыққа өз идеяларын, өндірістік процестерді жақсарту жолдары мен өзінің ұжымы, әріптесі туралы кеңінен айтуға мүмкіндік болатынын атап өткім келеді,- деді Басқарма төрағасы Ануар ЖАҚСЫБЕКОВ марапаттау рәсімінде.
Биылғы сайыс ағымдағы жылдың 1 ақпан мен 31 наурыз арасында ұйымдастырылды. Оған 15 қызметкер қатысып, 21 шығармашылық еңбек түсті. Биылғы жылғы сайыстың ерекшелігі- «Бас жүлденің» тағайындалды. Бас жүлдені Қарашүңгіл құрылымының 120 жылдығына арналған үздік логотипті ән жолдарымен жеткізген кешенді шығармашылық жұмыстары үшін «Ембімұнайэнерго» басқармасының Құлсары АЭТ электро монтері Жайнагүл Әбішқалиқызы иеленді.
«Мен Ембілікпін» сайысының тақырыптық номинациялар бойынша жеңімпаздары:
«Біздің мақсатымыз-жазатайым оқиғаны болдырмау»
1 орын- «Қайнармұнайгаз» МГӨБ мұнай дайындау және айдау цехының 4 дәрежелі жөндеушісі Тоқтар Нығыметов (эссе),
Ынталандыру сыйлығы - «Қайнармұнайгаз» МГӨБ 1 дәрежелі экономисі Нұрсұлтан Елеусінов (эссе)
«Шеберлік-кәсіби өсу кепілі»
1 орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ есеп беру және жүргізу бөлімінің бухгалтері Ерқанат Балмурзин (эссе)
«Бір ұжым-бір команда»
1 орын- «Қайнармұнайгаз» МГӨБ ұжымы (видеоролик)
2 орын- «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ «Терең-Өзек» цехы (видеоролик)
3 орын- ЕМГ Қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаменті директорының орынбасары Ауғанов Ғибрат (презентация)
Ынталандыру сыйлығы- «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның сапа жөніндегі 2 категориялы инженері Махамбет Назгүл (әссе)
«Қарашүңгіл кен алаңының 120 жылдығына арналған үздік логотип» (эмблема)
1 орын- «Ембімұнайэнерго» басқармасы Құлсары АЭТ ЕҚ және ТҚ инженері Ринат Махамбетов пен электро монтері Жайнагүл Әбішқаллиқызының ұжымдық жұмысы
2 орын- ЕМГ Күрделі құрылыс департаменті жобалау- сметалау бөлімінің инженер-конструкторы Мәлік Қалиев
3 орын- «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ «Терең-өзек» мұнай айдау цехының электро газ дәнекерлеушісі Жеңіс Отаров
Компания бойынша ішкі коммуникацияны дамытуды мақсат еткен шығармашылық сайысқа белсенді қатысқан өндірістік-құрылымдық бөлімшелердің басшылары – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ басшысы Мәлік Жүнісов пен «Ембімұнайэнерго» басқармасының басшысы Жәнібекбай Төлегенов Алғыс хатпен марапатталды.
«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. 2012 жылдың 1-қазаны мен 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.