сайт статистики

Мұнай компаниясындағы тарихқа арналған сабақ

«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан былай ЕМГ немесе Компания)   Қазақ мұнайының  120 жылдығына арналған шара басталды. 

Еліміз бойынша алғашқы мұнай бұрқағы 1899 жылы Қарашүңгіл құрылымында табылған болатын. Барлау жұмыстары мен осы қүрылымдағы алғашқы мұнайдың алынуы тарихына арналған Ашық сабақ Компанияның Бас кеңсесінде Атырау қаласындағы №33 Қасым Қайсенов атындағы орта мектептің 9-11 сынып оқушылары арасында өтті. 

- Қарашүңгіл- ғасырдан астам жер қойнауын игеріп келе жатқан Ембінің алғашқы кеніші. Бүгінгі жас ұрпақ отандық мұнай-газ саласының даму тарихымен, Ембінің алғашқы мұнай көзі табылған «Ескене», «Доссор», «Мақат» кеніштерінің игерілу барысымен, қазақстандағы мұнайшылық кәсіптің  бастау алуымен  таныс болулары  керек.  Бүгінгі шараның мақсаты –балалардың мұнай-газ саласының даму тарихына деген қызығушылықтарын ояту,-деп атап өтті өз сөзінде ЕМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат  ГАБДУЛЛИН.   

Мектеп оқушыларының  ЕМГ Бас кеңсесіндегі сапары интерактивтік мұражаймен танысудан басталды. Ашық сабақ «Ақылдылар мен білімділер» зияткерлік сайысы  форматында өтіп, оған 30 мектеп оқушысы қатысты. 

Сайыстың қорытындысында мектеп ұжымы әкімшілігіне арнап Компания атынан сыйлық- теледидар тарту етілді. Ал, оқушылар мұнайшылар назарына өздері дайындаған концерттік бағдарламаны ұсынды. 

                             

«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 ж. 1-қазаны мен  2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.