сайт статистики

Ел ертеңі - дені сау халық

«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі - «ЕМГ» немесе «Компания») «ҚазМұнайГаз» 

Ұлттық компаниясы »АҚ (бұдан әрі - ҚМГ ҰК) қызметкерлері  арасындағы спартакиада шеңберінде спорт жарыстарын іріктеу туры басталды, оның қорытындысы мұнай-газ саласының күніне орайластырылады.

Компания  шеңберінде іріктеу кезеңі 23-24 сәуірде «Жылыоймұнайгаз» АҚ «Каспий самалы» вахталық және 30 сәуірде облыс орталығындағы «Мұнайшы», «Атырау» дене шынықтыру кешенінде  өткізілді. Спорттық жарыстар спорттың 8 түрі бойынша өткізілді: баскетбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, армрестлинг, жүзу және футзал.

Жыл сайын ҚМГ ҰК-ның барлық еншілес және тәуелді ұйымда арасында спартакиада өткізіледі және оған қатысу Ембі мұнайшыларына жақсы дәстүрге айналды. Жарыстардың арқасында қызметкерлер спортпен шұғылданады, салауатты өмір салтын қалыптастырады, ал топтық формаларда өз әріптестерімен қарым-қатынасты нығайтады. Ойындардың финалы биыл Шымкент қаласында шілде айында өтеді деп жоспарланып отыр.

«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 - 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.