сайт статистики

Жылдың қорытындысы мен алдағы жоспар тыңдалды!

24.04.2019 күні  «Ембімұнайгаз»  АҚ  (ЕМГ мен Компания) Бас кеңсесінде ЕМГ Басқарма төрағасы А.Е.Жақсыбековтың ұжым алдындағы есеп беру кездесуі өтті. Кездесуде Компания қызметінің 2018 жылдағы  қорытындысы мен 2019 жылдың 1-тоқсанының есебі тыңдалды.

Есептік кездесуге топ-менеджменттер, Басқару аппаратының департамент  және қызмет  жетекшілері, өндірістік-құрылымдық бөлімшелердің (ӨҚБ) басшылары мен бас инженерлері, өндірістік цех пен әлеуметтік саясат бөлімінің басшылары, ӨҚБ кәсіподақ ұйымының жетекшілері қатысты. Дәстүр бойынша,  есепті кездесу  «Мен-ембілікпін» корпоративтік сайыстың (толығырақ «Мен-ембілікпін» сайысының жеңімпаздары» Ақпараттық хабарламасында) жеңімпаздарын марапаттау рәсімінен басталды.  

- Өткен жылғы жалпы жиналыстан кейін арада біраз уақыт өтті, осы кезеңде ел үшін маңызды саналатын шаралар болды. Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҚР Президенті ретіндегі өкілеттілігін тоқтататыны туралы мәлімдеме жасап, қалған уақытта    ҚР Президенті ретінде  барлық міндет Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктелетінін хабарлады. Ағымдағы жылдың 9-маусымында мемлекеттің жаңа басшысын анықтайтын сайлау науқаны деп жарияланды. Ембі мұнайшылары мемлекет дамуының негізгі күші-  күретамыры деп танылды. Сол себепті, біздің татулығы жарасқан ұжымның мүшелерін  алдағы сайлау науқанына белсенділікпен қатысуға шақырамын. Біздің бүгінгі бағытымыз- еліміздің тұрақтылығы мен ұрпағымыздың келешегі үшін жасаған қадам ,- деп атап өтті сөзінде А.Жақсыбеков.  

ЕМГ басшысы сонымен қатар, ӨҚБ орналасқан Атырау облысының төрт ауданындағы материалдық жағынан аз қамтылған отбасыларын қолдауға шақырды:

- Жыл басында өткен  «Нұр Отан» партиясының 18-съезіндегі сөзінде Елбасы бірнеше нақты тапсырмалар берген болатын,  онда әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға қолдау көрсетіп, олардың баспана мәселесін шешу мәселесі айтылған еді. Жақында мен ұжым мүшелеріне Компанияның кен алаңдары орналасқан аудандардағы көмекке мұқтаж аз қамтылған отбасыларды  баспанамен қамтуда   бір күндік жалақымыздың есебінен көмек көрсету  туралы Үндеу жарияладым.  Ұжым мүшелерінің ұсынысымды бірауыздан қолдағаны үшін алғысымды білдіремін. Рамазан айы кезіндегі жұртшылыққа көрсеткен жақсылығымыз –әрқайсымызға еселеп оралатыны даусыз!

Сонымен қатар, Компания басшысы өткен жылы апатты жағдайдың тіркелуі бойынша нөлдік көрсеткішке қол жеткізгені үшін ұжымға алғыс білдіре отырып,  халықаралық компанияларда  қабылданған әлемдік стандарттарға сай жұмысты жалғастыра беруге шақырды. Бұл орайда травмалық көрсеткішке салыстырмалы анализ жасау мақсатында компанияда еңбекті қорғау бойынша жүргізілетін статистика мұнай және газ өндірісі халықаралық ассоциация талаптарына сай орындалатынын еске саламыз. 

Компания басшысы өзінің баяндамасында   экологиялық міндеттемелерді орындау бойынша Мәліметтермен таныстырып, 2018 жылғы мен 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы  өндірістік көрсеткіштер мен жаңа технологияны енгізу барысындағы жұмыстарды атап өтті.   

2018 жылы ЕМГ   2 миллион 895 мың 332 тонн (+332 тонн) өнім өндіріп,   2 миллион 863 мың  464 тонн (+1 489 тонн) мұнай тапсырды. 2019 жылдың 1-тоқсанында өнім өндіру мен тапсыру жоспары межеге сай орындалды. 

Есептік баяндамада кейбір мәселелердің жүзеге асыру барысы жан-жақты қаралды: геологобарлау жұмыстары, «Интеллектуалды кен алаңы» тұжырымдамасын тарату, МТО мен ТОРО жобалары бойынша, ілеспе газды өңдеу және қадеге жарату, автотранспорт паркін жаңарту, Забурын кен алаңындағы полимерлік сулану жүйесі, ЕМГ әлеуметтік инфрақұрылымының материалдық- техникалық базасын жаңғырту мен Ұжымдық шарт, кадр саясаты, дуалдық оқыту Бағдарламасы, еңбек тәртібі және т.б.  құжаттар. 

Мұнайшылардың  әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту аясында  2018 жылы Кенбай кен алаңында 100 орынды жатақхана, Қисымбай кеніщінде 50 орынды, С.Балғымбаев кенішінде 150 орынды асхана пайдалануға тапсырылды. 2015-2018 жылдар аралығы мен 2019 жылдың 1-тоқсанында 97 тәлімгер (Атырау мұнай-газ университеті мен АПЕК Петротехник колледжінің, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде білім алып  жатқан  ҚР азаматтары) өндірістік алаңдарда тәжірибеден өтті. Оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған студенттер «Ұңғымаларды зерттеу операторы», «Мұнай-газ өндіру операторы», «Техникалық қондырғының операторы», «КИП и А дәнекерлеушісі» мамандықтары бойынша квалификацияға ие болды. 

Тесттік сынақ кезінде жоғары балл жинақтаған 40 студент Компанияға жұмысқа қабылданды. Бүгінгі таңда 39 студент оқуын жалғастыруда,  олардың 19-ы Атырау мұнай-газ университетінен, 20-ы АПЕК Петротехник колледжінен. 

2012 жылдың 1 қазаны мен 2018 жылдың аралықтарында Компания салық төлемдері ретінде республикалық, жергілікті бюджетке  897 млрд астам қаражат аударды, аймақтың инфрақұрылымын дамытуға 4.3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Компания Келісімшарт аясында Атырау облысының инфрақұрылымын дамытуға жыл сайын облыстық бюджетке қаражат бөліп отыр. 2018 жылы  1 млрд. 866 млн. теңгеге жуық қаражат ,  2019 жылы 126 млн теңге шамасында қаражат аударылды.

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 - 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.