сайт статистики

Ембілік мұнайшылар ел игілігіне!

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қолдау көрсету мен «Нұр Отан» партиясының 18-съезінде айтылған мәселелерді жүзеге асыру  «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығының Қызылқоға ауданы тұрғындарымен болған кездесуінің негізгі тақырыбы болды. Кездесуге  аудан әкімі, аудандық мемлекеттік органның басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары мен хатшысы, ардагерлер, бизнес өкілдері, Үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен белсенді жастар қатысты.   

Кездесуге төрағалық еткен  Қызылқоға ауданының әкімі Баженов Арман  Сырымұлы «Ембімұнайгаз» АҚ-мен екі арадағы әріптестік байланыс ауданның әлеуметтік-экономикалық салаларының дамуына үлкен қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.   

Кездесуде ЕМГ Басқарма төрағасы  Әнуар Еркінұлы Жақсыбеков өз сөзінде алдағы сайлау науқанының маңыздылығына тоқталды.   

  •   1922 жылы құрылған Компания, Ембі мұнайшылары еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының күретамыры болды. Баршаларыңызды ҚР Президентінің сайлауына белсенді қатысуға шақырамын. Біздің белсенділігіміз еліміздің тұрақты дамуына, балаларымыздың ертеңгі жарқын болашағына жол салатынын ескерейік! Ағымдағы жылды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастар жылы» деп жариялады. Осыған орай Компанияда Қызылқоға ауданы бойынша  «Мұнайгаз саласын» таңдаған үлгерімдері жақсы екі мектеп түлегінің жоғары білім алуларына қолдау көрсету жөнінде шешім алынды. Елбасы «Нұр Отан» партиясының 18 съезіндегі баяндамасында  қоғам алдында тұрған бірнеше міндеттерді, соның ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға, олардың тұрғын үй мәселесін шешуде қолдау  көрсетуді атап өтті. Мен жақында өзімнің ұжымыма  Атырау облысындағы Компанияның өндірістік-құрылымдық бөлімшелері орналасқан төрт  ауданның тұрғындарына тұрғын үйден көмек көрсету үшін бір күндік жалақылары есебінен қолдау ұйымдастыруға шақырдым. Мұнайшылар менің ұсынысымды бір ауыздан қабылдады. Бүгінгі таңда тұрақты кірісі жоқ, баспанадан қиыншылық көріп жүрген жерлестерімізді қолдау мақсатында қаражат жинақталып жатыр,-деп атап өтті өз сөзінде «Ембімұнайгаз» АҚ басшысы.

Еске сала кетсек, 2015 жылы ембілік мұнайшылардың жинақтаған қаражат есебінен Атырау қаласындағы 4 үй, соның ішінде тәрбиесінде мүмкіншілігі шектеулі балалары бар отбасының баспанасына күрделі жөндеу жүргізіліп,  жалғызілікті зейнеткерге жаңа тұрғын үй салынып берілді. 2016 жылы Атырау қаласындағы көп балалы, оның екеуі ауыр дертке шалдыққан жанұяға жаңа баспана салынды. Өткен жылы, ұжым мүшелері су тасқынынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының тұрғындарына үлкен қолдау көрсетті. Ембіліктер жинаған қаражатқа Малеевск, Зубовск кенттері мен Зырян қаласының шеткі мөлтек аудандарындағы баспаналары жөндеуге келмейтін тұрғындар үшін 4 пәтер, 3 үй сатып алынды. 

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы 2012 жылдан 2018 жылдар аралығында салық төлемі ретінде бюджетке 897, 1 миллиард теңге қаражат аударды. Соның ішінде 2018 жылғы қаражат– 199,2   миллиард теңге. Осы кезеңдер ішінде Атырау облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға 4,3   миллиард теңге, 2018 жылда – 1,9  миллиард теңге аударды. 

Жер қойнауын пайдалану келісімшарттар аясында Компания өндірістік бөлімшелері орналасқан төрт ауданда (Исатай, Жылыой, Мақат және Қызылқоға) балабақша, мәдениет үйлері, спорт кешендері, мектептер мен баспана құрылыстарын салуға және күрделі жөндеуге қаражат бөліп келеді.  

Қызылқоға ауданында: 25 әлеуметтік саланың маманы үшін, 4 балабақша, Жантерек, Сағыз, Мұқыр, Қарабау ауылдарында мектеп,   Қарабау селосында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыстары т.б.  салынды.  «Самұрық-Қазына Траст»  әлеуметтік жобалар қоры (Қор) ЕМГ АҚ бірлесе отырып, Мұқыр селосында әмбебап спорт алаңы пайдалануға берді.

Үстіміздегі жылдан бастап «Самұрық-Қазына Траст»  әлеуметтік жобалар қоры арқылы ЕМГ АҚ  қайырымдылық, демеушілік бағдарламасына 2012 мен 2018 жылдарда 2 миллиард теңгеден астам қаражат аударды. Осы қаражатқа  170-тен астам қоғамдық ұйымдарға  мен жеке  адамдарға,  кәмелеттік жасқа толмаған, ауыр дертке шалдыққан  балалары бар ата-аналарға көмек көрсетілді.  

Жыл сайын күз айындағы  дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы бойынша Қызылқоға ауданына   1 000 000 теңге қаражат аударып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы мен көп балалы отбасылар үшін киім-кешек, оқу құралдарынан көмектер ұйымдастырылды. Ембілік мұнайшылар 2018 жылы Қызылқоға ауданы Сағыз стансасының үш мектеп оқушысының Дубайда арифметика бойынша өткен Халықаралық сайысқа қатысуына демеуші болды.  

Кездесу барысында қызылқоғалықтар  бүгінгі таңда ЕМГ күшімен геологиялық барлау жұмыстары жүріп жатырған   Тайсойған блогының игерілу барысына қызығушылық білдірді.       Компания басшысы Әнуар Еркінұлы     сейсмобарлау жұмыстары   мемлекеттік органдардың бақылауы негізінде техникалық жоба мен қоршаған ортаға әсерді   бағалау  жобасына сай жүргізілетінін жұртшылықтың қаперіне берді.  Жергілікті халықтың жұмысқа тартылуы өзекті жәйт, ЕМГ басшысы Тайсойған блогындағы барлау жұмыстары сәтті аяқталғанда, жаңа жұмыс орындары ашылып, негізгі назар жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға берілетінін атап өтті.  

Кездесу соңында Әнуар Жақсыбеков  аудан ардагерлерімен жеке кездесіп, тағы бір мәрте шарада айтылған мәселелерге қорытынды жасады.

 «Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 жылдың 1 қазанынан 2018 жыл аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде. 

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы тек өнім өндірумен ғана шектелмей, жергілікті халықтың әл-ауқатының жақсаруына бағытталған шаралардан тыс қалмай, белсене араласуда. Бұл орайда, Компания қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету үшін 2012 мен 2019 жылдарда 2 миллиард теңгеден астам қаражат аударды. Соңғы үш жылда біздің Компания 170-тен астам қоғамдық ұйымдарға  мен жеке  адамдарға,  кәмелеттік жасқа толмаған, ауыр дертке шалдыққан  балалары бар ата-аналарға көмек көрсетілді.  

Нақты Қызылқоға ауданына келетін болса, жыл сайын күз айында дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылады. Онда  1 000 000 теңге қаражат аударып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы мен көп балалы отбасылар үшін киім-кешек, оқу құралдарынан көмектесеміз.