сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Мақат ауданының Құрметті азаматы атағына ие болды

«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Мақат ауданының Құрметті азаматы атағына ие болды.

«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы (бұдан әрі - ЕМГ немесе Компания) Мақат ауданының Құрметті азаматы атағына ие болды.
Шешім 2019 жылдың 22 ақпанында өткен Мақат аудандық мәслихатының 37-ші кезекті сессиясында қабылданды. Құрметті азаматтың төсбелгісі ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар Еркінұлы Жақсыбековтiң Доссор кентіне Компанияның Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2018 жылғы байқаудың қорытынды шарасына қатысуға барған сапары аясында  Мақат ауданының әкімі Жұмабай Fаббасұлы Қарағаевтың өзі табыс етті. 


- «Мақат ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Жарлық «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және «Облыстың (қала, аудан) Құрметті азаматы» атағын беру ережесін бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының қаулысына сәйкес қабылданды. Сізге және Сіздің отбасыңызға денсаулық пен бақ-береке тілеймін, барлық жоспарларыңызды жүзеге асырып, жұмысыңыз одан әрі табысты болсын», - деп атап өтті Ж. Қарағаев.


Әнуар Еркінұлы Жақсыбеков еңбек жолын  «Қазақойл-Ембі» ААҚ «Доссормұнай» басқармасына қарасты Байшонас кен алаңында мұнай өндіруші операторы болып бастады. Қызыл ту солтүстік флоты теңіз жаяу әскерінде әскери борышын өтеп келгеннен кейін (1983-1985 ж.ж.) Қарсақ кен алаңында мұнай-газ өндіру цехының операторы болып еңбек жолын жалғастырды.


1993 жылы Патриса Лумумба атындағы халықтар достығы университетін (Мәскеу қ.) «Геология және мұнай-газ кен алаңдарын барлау» мамандығы бойынша бітірді. ЖОО-н тәмамдаған соң Кейін Атырау бұрғылау жұмыстары басқармасында учаске геологы, жетекші геолог, «Қазақойл-Ембі» ААҚ Мақат ауданындағы ұңғымаларды күрделі жөндеу және қойнауқаттың өнімділігін арттыру бойынша участке бастығының орынбасары болып қызметтер атқарды.1999 жылы - «Қазақойл-Ембі» ААҚ-на қарасты «Мақатмұнай» басқармасының бас геологы болып тағайындалды.2000-2004 жылдар аралығында «Қазақойл» ҰК өндірісті басқару департаментінің бас инженері, менеджер, геология және кен орындарын игеру департаменті директорының орынбасары, геология және кен орындарын игеру департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.2004-2009 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ геологиялық-технологиялық қызметтің геология және геофизика департаментінің директоры болды. 2009-2013 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атынан құрылған «Норт Оперейтинг Компани» ЖШС-нің геологиялық барлау жөніндегі менеджері және геологиялық барлау жұмыстары бойынша техникалық қосалқы комитеттің төрағасы қызметтерін атқарды. 2013 жылы ақпан айынан айынан бастап «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының геология және игеру жөніндегі орынбасары, геологиялық барлау жұмыстары бойынша техникалық комитеттің төрағасы, КМГ БӨ АҚ «Барлау активтері» бақылау Кеңесінің төрағасы болды. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ қатысымен біріккен кәсіпорындарға жетекшілік етті: «УралОйлГаз» БК, Қытай Халық Республикасының  «ФИОК» және  Венгер Республикасы «МОЛ» компанияларымен үлестік қатысы бар, «Карповский Северный» БК. 2013-2015 жылдары – Қашаған Б.В.» ЖШЖКФ бас директорының перспективалық жобалар және операциялық қызметтер жөніндегі орынбасары болды. 2015 жылдың қыркүйегінен – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары. 2017 жылдың 24 сәуірінен бастап «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен Компанияның Басқарма төрағасы болып сайланды.  Бұған дейін де бірнеше диплом, төс белгілермен марапатталған. КСРО мұнай кәсіпшілігі министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ Құрмет грамоталары, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Алғыс хаты, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің «Мақат кен орнына 90 жыл», ҚР Мұнай және газ министрлігінің «Доссор кен орнына 100 жыл», «Прорва кен орнына 50 жыл» Құрмет белгілері; «ҚР Жер қойнауын үздік барлаушы» төсбелгісі (2012 ж.), ҚР Мұнай және газ министрлігінің «ҚР мұнай-газ саласын дамытудағы үлесі» үшін медалі (2014 ж.), «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Құрмет грамотасы,  «Ембімұнайгаз» АҚ-на 95 жыл»  мерейтойлық медалі (2017 ж.), «Құрмет» ордені (2017 ж.).

Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 жылдың 1 қазанынан 2018 жыл аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.