сайт статистики

Шуақты мерекедегі шаттық

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) қыз-келіншектеріне арналған салтанатты шара өтті. Компанияның Басқарма төрағасы Ә.Е.ЖАҚСЫБЕКОВ ембілік аруларды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, олардың ел экономикасының дамуына қосып жатқан үлестерін жоғары бағалады.

- Ғасырға жуық тарихы бар «Ембімұнайгаз» компаниясында 900-ге жуық қыз-келіншек еңбек етеді. Олар өндірістегі ауыр жұмыстарды ерлермен қатар тең дәрежеде сапалы атқарып қана қоймай, компанияның өркендеуіне араласуда. Сондықтан, мұнайшы қыз-келіншектердің орнын қашан да мақтанышпен айтамыз, - деп атап өтті Ә.Жақсыбеков.

Салтанатты шара барысында мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі мен кәсіби шеберлігі үшін «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ Басқарма төрағасының Алғыс хатымен ЕМГ  Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА, қаржы директоры – қаржы бақылаушысы Нұрсәуле ТӘЖМАҒАМБЕТОВА, орталық бухгалтерияның бөлім басшысы Анаргүл ТАСИМЕНОВА, күрделі құрылыс департаментінің жобалау-сметалау жұмыстары бөлімінің аға инженері Гүлшара МАЙЛЫБАЕВА, ЕМГ  Құрмет грамотасымен өндірісті автоматтандыру және ақпарат технологиясы департаментінің жетекші инженері Татьяна АНОШКИНА, «Доссормұнайгаз» МГӨБ өндірістік-техникалық бөлімінің инженері Бибигүл ҚАЛАҒАНОВА, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ №3 мұнай-газ өндіру цехының 4 разрядты мұнай мен газ өндірудегі пультпен басқару операторы Шолпан ҒҰМАРОВА, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорвадағы МГӨ цехының № 1 С.Нұржанов атындағы кен орны бригадасының МГӨ операторы Рысбике ОРЫНБАСАРОВА, ӨТҚжЖКБ басшының хатшысы Зоя АРЕНОВА, «Ембімұнайэнерго» басқармасының есептеу және есеп жүргізу тобының топ жетекшісінің орынбасары Жансая ГАБДУЛЛИНА, ЕМГ Алғыс хатымен қазынашылық департаментінің аға аналитигі Гүлмира ҚЫЗЫЛОВА, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ есеп жүргізу және есеп беру бөлімінің 2 категориялы бухгалтері Торғын БИСЕНОВА марапатталды. Сондай-ақ, Компанияның кәсіподақ ұйымының төрағасы Кенжеғали Шаңқанов құттықтау сөзін сөйлеп, газ жобалары департаментінің аналитигі Адэлия КАРИМОВА мен күрделі құрылыс департаментінің инженер-технологі Кенжегүл ЖАНСҰЛТАНОВАҒА Алғыс хат табыстады.

Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Қазақ эстрадасының әншісі, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрлан Өнербаев ембілік аруларға арнап әндерін шырқап, тамаша көңіл-күй сыйлады.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 жылдың 1 қазанынан 2018 жыл аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897,1 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.