сайт статистики

Солтүстік Қазақстан облысының бизнес-делегациясы Ембіде болды

Атырау облысына сапары барысында Солтүстік Қазақстан облысының (бұдан әрі СҚО) кәсіпкерлері «Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) болып, басшылық құраммен кездесті.

СҚО әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек бастап келген делегация құрамында аймақтың индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Арман Оразғұлов, СҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Марат Искаков, «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері және С.М.Киров атындағы, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, көп профильді қондырғылар және «Блок» зауыттары басшыларының орынбасарлары болды. 

- Кәсіпкерлік ұйымдарының дамуы ел экономикасын арттыруға тың серпін береді. Біздің делегация Атырау қаласында аймақаралық ынтымақтастық отырысына қатысты. Сонымен қатар, аймақтағы ірі компанияларда кездесулер жоспарлануда.

«Ембімұнайгаз» компаниясымен сертификаттау және көптеген басқа да бағыттар бойынша ұзақ жылдардан бері серіктестік орнатқанбыз. Біріккен жемісті жұмысымыз одан әрі де жалғасын таба береді деген үміттеміз, - деп атап өтті СҚО әкімінің орынбасары Дәурен ЖАНДАРБЕК.

ЕМГ коммерциялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Едіге ЧАКЛИКОВ «Ембімұнайгаз» АҚ «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ компаниялар тобына кіретінін, соның негізінде сатып алулар рәсімдері аталған холдингтің Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесіне сәйкес жүргізілетіндігін атап өтті.

Ембілік мұнайшылар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін биздестің алар орны зор екендігін жақсы сезінеді. ЕМГ-нің сатып алулар рәсіміне әлемнің түкпір-түкпірінен кез келген компания қатыса алады. Барлық тендерлік рәсімдер ашық түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сайтында http://zakup.sk.kz/ жүзеге асады, - деді Е.Чакликов.



«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

 Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09;

 Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 жылдың 1 қазанынан 2018 жылдың 11 айы аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 873 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.