Ерлік ешқашан ұмытылмайды
«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен компанияның бас кеңсесінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған жауынгер-интернационалистермен кездесу өтті. Шара майдан даласында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
- Ауған соғысының өрті сөнгеніне ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, 9 жыл 10 айға созылған соғыс салған жара әлі де жазылар емес. Жалпы саны 620 мың Кеңес әскері Ауған жерінде бейбітшілік орнату үшін қатысып, 15 мыңға жуығы қаза тапты, 417 жауынгер із-түссіз жоғалды. Елімізден 22 мың отандасымыз аттанса, оның 800-ге жуығы құрбан болды. Ал, Атырау жерінен 680 жауынгер аттанып, 14-і соғыс майданында қаза болды. 1-уі хабар-ошарсыз кетті. Сол кезде жастары небары 18-19 –да болса да, Отан алдындағы борышын өтер алдында берген антына адалдық танытқан қайсар азаматтар қатарында ембіліктер де бар. Біз жыл сайын ақпан айында Ауған соғысында қазақ тапқан жауынгерлерді еске аламыз. Бұл соғыста 18-19 жастағы жас жігіттер өмірлерін берді. Қазіргі жастар жауынгерлердің азаматтық борышын өтеу жолында құрбан болғанын білсін, олардың ерліктерімен таныссын, ардагер ағаларымен ашық сұхбаттассын деген мақсатпен осы кездесуді ұйымдастырып отырмыз, - деп атап өтті Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат ГАБДУЛЛИН.
Қазіргі таңда Компанияның өндірістік-құрылымдық бөлімшелеріне қарасты басқармаларда Ауған соғысына қатысқан 15 жауынгер еңбек етеді. Ал, үш жауынгер Ембі өндірісінде ұзақ жылдар еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-да Кенбай мұнай-газ өндіру цехының слесарь-жөндеушісі қызметін атқарған Ерлан Мирғалиев 2015 жылдың жаз айында өмірден озған. Шараға майдангердің ұлы Амандық Мирғалиев арнайы шақырылды.
Кездесу барысында ембілік жас мамандар майдангер ағаларына сұрақтарын қойып, сол сұрапыл оқиғаның бел ортасында болып, аман-есен елге оралған азаматтар естеліктерін айтты. Сондай-ақ, шараға құрметті қонақ ретінде «Ауған соғысыныңдағы атыраулық жауынгерлер шежіресі» кітабын құрастырушы, филология ғылымдарының кандидаты Айгүл Ермекова қатысты. Кездесу барысында ол қолда бар деректерін, зерттеулерін таныстырды.
Кездесу барысында жас мамандар Ауған жауынгерлеріне ән-шашуларын, сый-сияпаттар мен гүл шоқтарын ұсынды.
«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09;
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.