«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына арналған жиын өтті
Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан былай ЕМГ немесе Компания) бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Компанияның бас кеңсесінде «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына арналған жиын өтті. Оған ЕМГ-ге қарасты құрылымдық мекемелердің және Орталық басқару аппаратының ұжымы қатысты.
Жиында Компанияда 2010 жылы құрылған бастауыш ұйымының қатары жыл сайын өсіп отырғандығы баса айтылды.
- Бүгінде ЕМГ Орталық басқару аппаратының бастауыш партия ұйымы – 280-ге жуық адамды біріктіретін саяси күш. 2015-2018 жылдар аралығында «Ембімұнайгаз» компаниясынан партия қатарына 170-ке жуық қызметкер алынды. 2015 жылдан бері ЕМГ бастауыш партия ұйымының бастамасымен 60-қа жуық мәдени-көпшілік, қайырымдылық шаралар ұйымдастырылды. Ең бастысы, ембілік «нұротандықтар» еңбек қауіпсіздігі мен жұмысшылардың саулығына, әлеуметтік жағдайларға басты көңіл аударып отырады. Өткен жылы өлім мен апаттық жағдайлар бойынша нөлдік көрсеткішке қол жеткізгенімізді мақтанышпен айтамыз. Мұндай нәтижеге компанияның барлық қызметкерінің біріккен және жүйелі еңбегінің арқасында қол жеткіздік, - деп атап өтті жиынға қатысқан ЕМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары, Орталық аппарат «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының жетекшісі Айболат ГАБДУЛЛИН.
Жиында сөз алған Қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің қызметкерлерді оқыту және дамыту бөлімінің кадрларды даярлау жөніндегі жетекші инженері Серік ШЫҒАНОВ компанияда әлеуметтік бағдарламалардыың аясында облыстағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, қарттар үйіне, ардагерлер қоғамына үнемі қайырымдылық шараларының өткізіліп келетініне тоқталса, Өндірісті автоматтандыру және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Болат НСАНБАЕВ Ембі өндірісінде жүзеге асып жатқан «Интеллектуалды кен алаңы» жобасымен таныстырды.
Жиынға арнайы қатысқан аталған саяси ұйымның Атырау қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек ТҰРДАЛИЕВ партияның 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелерімен көпшілікті таныстырды.
«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09;
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.