сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ – экологиялық жауапкершілік рейтингінде көшбасшылардың бірі

22 қаңтар күні Астанада Ресейдің Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) және КРЕОН тобы ҚР Энергетика милистрлігінің қолдауымен өткен Қазақстандағы экологиялық жауапкершілігі бойынша түзілген мұнай-газ саласындағы компанияларының рейтингін (бұдан әрі – Рейтинг) жариялады. Жоба БҰҰ-ның Орталық Азиядағы қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасының (UNEP-СА) қолдауымен жүргізіліп, ал, рейтингке есептеу жүргізген – Ұлттық рейтингі агенттігі.

Рейтинг ашық кеңістікте компания қызметі турды жарияланған ақпараттар негізінде жүргізіліп, экологиялық менеджмент, қоршаған ортаға әсер, ақпараттың ашықтығы басымдықтары бойынша жүргізілді.  Аталған рейтингте екі жыл қатарынан «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ аталған рейтингте көш бастады. Күміс жүлдегер «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы атанды. Ал, ірі мұнай-газ компаниялары арасынан топ жарып, ҚМГ ҰК еншілес компаниялары ішінде экологиялық жауапкершілік және ашықтықты қамтамасыз ету мәселесін жоғары қоятынын көрсеткен «Ембімұнайгаз» АҚ үздік үштік қатарына тұңғыш рет кіріп отыр. Компания қоршаған ортаны қорғауды басқару саласында үнемі жетілумен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар, табиғат пен қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін жете түсінеді.

Рейтинг.

Тарау

2017 ж.

2018 ж.

Көрсеткіштің артуы

Рейтингтегі орны

Балл саны

Рейтингтегі орны

Балл саны

 «Экологиялық  менеджмент және саясат»

3

0,5714

2

1,1429

+50%

«Қоршаған ортаға әсер» 

10

0,1

1

1,5455

+94%

«Ашықтық» 

9

0,4444

4

0,8889

+50%

Қорытынды рейтинг

6

0,372

 3

1,1924

+69%

 

Қазақстандағы экологиялық жауапкершілігі бойынша түзілген мұнай-газ саласындағы компанияларының толық рейтингімен http://emba.kz/kaz/press-centr/inform_soobshenie/?cid=0&rid=537 сілтемесі арқылы таныса аласыздар.   

 «Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 жылдың 1 қазанынан 2018 жылдың 11 айы аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 873 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.