Ембі мұнайшылары Тәуелсіздік күнін атап өтті
«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай бірқатар шаралар ұйымдастырылды. 13-желтоқсанда ЕМГ бас кеңсесінде Компанияның басқару аппараты мен кәсіподақ комитеттері басшылары мен қызметкерлерінің қатысымен салтанатты шара өтті.
Осыдан тура 27 жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» Заңына қол қойып, ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерді.
Егемендік алған кезеңде еліміздің саяси, мәдени өмірі мен әлеуметтік инфрақұрылымында орын алған өзгерістерді ерекше атап өтуге болады.
Еліміздің қол жеткізген жетістіктерінде қазақстандық мұнайшылардың, соның ішінде, ембіліктердің қосқан үлесі зор екендігін мақтанышпен айтамыз. Қазіргі таңда Компанияда 5 мыңнан астам адам еңбек етеді. Олардың барлығы дерлік – Атырау облысының тұрғындары. Жұмысшыларымыз бәсекеге қабілетті еңбекақы және әлеуметтік пакетпен қамтылған. Компанияда геологиялық барлау, өндірісті цифрландыру жобаларын енгізу, бизнес-үдерістерді оңтайландыру және өндірістік нысандардың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар жүріп жатыр.
Сол арқылы Ембі өзінің ұйымшыл ұжымының жағдайын жақсартып, алдағы уақытта да еліміздің өркендеуіне атсалыса бермек!, - деп атап өтті құттықтау сөзінде ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ҚР Президенті Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар достығының нығаюына қосқан үлесі үшін «Доссормұнайгаз» МГӨБ №1 «Ботақан» мұнай және газ өндіру цехының 5-разрядты операторы Қасен ОҢАЙБАЕВ ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, естелік марапаттармен және Құрмет грамоталарымен Компанияның бір топ қызметкерлері – «Ембімұнайэнерго» басқармасының басшысы Жәнібекбай ТӨЛЕГЕНОВ («Самұрық-қазына» АҚ Құрмет грамотасы), ЕМГ геологиялық барлау жұмыстары департаментінің сейсмикалық зерттеу бөлімінің бастығы Сағида ДЖУМАГАЛИЕВА (KAZENERGY қауымдастығының медалі), «Доссормұнайгаз» МГӨБ бастығы Серік АБДИЕВ пен ЕМГ мұнай және газ өткізу департаменті директорының орынбасары Елена МАВРЕШКО («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі ҚМГ АҚ) естелік белгісі), коммерциялық мәселелер жөніндегі басқарушы директор Едіге ЧАКЛИКОВ пен қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаменті директорының орынбасары Алтынай БЕРЕГЕНОВА (ҚМГ АҚ Құрмет грамотасы), өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Абат ҚҰТЖАНОВ, қазынашылық департаментінің директоры Қанат ҚОСАНОВ, қоғаммен байланыс қызметінің маманы Айгүл ЕРТЛЕУОВА, басқару аппаратының кеңсе-менеджері Светлана ДАВЛЕТАЛИЕВА (ЕМГ Құрмет грамотасы) ұлығыланды.
Ұжымды құттықтаған ЕМГ Кәсіподақ ұйымының төрағасы Кенжегали ШАНКАНОВ тәуелсіз еліміз мен мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі үшін бас бухгалтердің орынбасары Есенқұл ОСПАНОВ пен әлеуметтік саясат және шаруашылықты қамту департаментінің аға маманы Амантай ДҮЙСЕҒАЛИЕВКЕ Алғыс хат табыстады.
Салтанатты шара барысында 1986 жылы Алматы қаласында өткен Желтоқсан оқиғасына қатысқан күрделі құрылыс департаменті жобалау-сметалау жұмыстары бөлімі аға инженері Гүлмира Майлыбаева сол жылдарды еске алып, жастар атынан құттықтау сөз орталық бухгалтерияның қаржы есебін дайындау бөлімінің бастығы Азамат КУЛЬЧИЕВ сөйледі.
Салтанатты шара Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония мен халық шығармашылығы орталығы өнерпаздарының қатысымен мерекелік шараға ұласты.
Сонымен қатар, Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты шаралар ЕМГ-нің барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелерінде де ұйымдастырылды.
«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 833 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.