Ембіліктер Тұңғыш Президент күнін атап өтті
«Ембімұнайгаз» АҚ-ның (Компания немесе ЕМГ) Бас кеңсесінде 1- желтоқсан –Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған Компания басшылығы мен Орталық басқару аппаратының ұжымы қатысты.
«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ шараны салтанатты түрде ашып, мерекенің маңыздылығына айрықша тоқталды.
- Қазақ елі Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап жаңа өмірге нық сеніммен қадам басты. Елбасы қазақ халқының ең қиын кезеңдерінде билікті қолына алып, қандай қиын жағдайларда да дұрыс шешім қабылдап, тығырықтан шыға білетін көреген саясаткер екенін дәлелдей білді. Елбасымыздың есімі тәуелсіз Қазақстан тарихында мәңгі қалады. Дәлірек айтсам, оның есімі тарихта қазақ жұртшылығына тәуелсіздік сыйлаған тұлға ретінде қалады,-деп атап өтті өз сөзінде Сәлімжан Жұмашұлы Нақпаев.
Шарада ЕМГ АҚ Кәсіподақ ұйымының жетекшісі Кенжеғали Шанканов, Компания «Жас мамандар» кеңесінің жетекшісі Серік Шығанов әріптестерін айтулы мерекемен құттықтады.
Салтанатты шарада Атырау облыстық филармонияның өнерпаздары көпшіліктің назарына мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынды.
«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 833 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.