Әлеуметтік саланы дамытуға – халықаралық тәжірибе
«Ембімұнайгаз» АҚ-дағы (Компания немесе ЕМГ) әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру және ірі мұнай-газ операторларының әлеуметтік нысандарға қызмет көрсету тәжірибесімен танысу мақсатында ЕМГ-нің бір топ қызметкері Солтүстік-Каспий жобасы қызметкерлеріне арналған «Самал» вахталық поселкесінде болды.
Сапарға қатысқан ЕМГ Басқарма төрағасының орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ бастаған делегация құрамында ЕМГ-нің әлеуметтік саясат департаментінің, қоғаммен байланыс қызметі мен құжат айналымы тобының мамандары, қауіпсіздік қызметі, өндірістік құрылымдық бөлімшелердің әлеуметтік сала қызметкерлері болды.
- Мұндай сапарлардың мақсаты әлеуметтік нысандардың сапалы жіне үздіксіз жұмыс жасауына жауапты қызметкерлердің кәсіби құзыретін дамыту болып табылады. Осы орайда, ірі-мұнай газ операторларының осы бағыттағы жұмыстарымен тәжірибе алмасу мақсатында келіп, халықаралық тәжірибені кейін Ембінің кен алаңдарына енгізуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті кездесу барысында ЕМГ Басқарма төрағасының орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ.
Сапар барысында ембіліктер аталған вахталық қалашығындағы жатақхана жағдайымен, асхана жұмысымен, Солтүстік-Каспий жобасы қызметкерлердің демалыс орындарымен кеңінен танысты. НКОК мамандары ЕМГ өкілдеріне кәсіпорынның қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік пакет шеңберінде қызметкерлерге көрсетілетін медициналық қызметтер жайында баяндады.
Айта кетсек, бұған дейін де Ембінің жоғарыда аталған бөлімшелер қызметкерлері «Теңізшевройл» ЖШС-нің вахталық поселкелерінде, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының әлеуметтік инфрақұрылымы бағытындағы жұмыстарымен тәжірибе алмасу мақсатында іс-сапарда болып қайтты.
«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 833 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.