Балаларға арналған 5 алаң
Жуырда Атырау облысының 3 ауылы мен облыс орталығының екі мөлтек ауданында «Samruk-Kazyna Trust» (бұдан әрі – қор) қорының демеушілігімен бірнеше балалар спорт және ойын алаңдары ашылды.
Әмбебап алаңдарды салудағы мақсат – халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру және олардың бос уақытын ұйымдастыру болып табылады.
Естеріңізге сала кетсек, аталған қор «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының, соның ішінде «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) атынан тұрғындардың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге бағытталған қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асырып келеді.
- Қараша айының 17-23 күндері аралығында балалар мен үлкендерге арналған әмбебап алаңдар Атырау қаласының екі ірі мөлтек ауданы – Тұрғындар қалашығы мен Алмагүлде, сонымен қатар, ЕМГ-нің өндірістік құрылымдық бөлімшелері орналасқан үш елді мекен – Мұқыр, Доссор, Аққыстауда ашылды. Бұл алаң «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында, «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен салынды. Аталған жоба қордың әлеуметтік инфрақұрылымды дамытумен қатар, азаматтық бастамаларды, тарихи-мәдени құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында іске асты, - деп атап өтті Атырау қаласының Тұрғындар қалашығы мөлтек ауданындағы алаңның ашылу салтанатына қатысқан ЕМГ Басқарма төрағасының орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ.
Облыс аудандарындағы алаңдардың ашылу салтанаттарына Компанияның өндірістік құрылымдық бөлімшелері өкілдері – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ бас инженері Қ.Қоданов және «Доссормұнайгаз» МГӨБ басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Мұхамбетов қатысты.
Облыстағы салынған барлық 5 алаңның жалпы құны – 278 миллионнан астам теңгені құрады.
«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 833 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.