сайт статистики

Мұнайшылардан hand made

2018 жылғы 23 қарашада «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания)  бас кеңсесінде «АЯЗ АТАДАН СЫЙЛЫҚ» атты қайырымдылық жәрмеңкесі екінші мәрте өтті. Бұл қайырымдылық шарасын ұйымдастырудағы басты мақсат – жәрмеңкеден түскен қаражатқа аз қамтылған отбасы балаларына жаңажылдық сыйлық алу.

Жергілікті 3 суретші авторлық туындыларын, Handmade-қоғамдастықтарының 7 шебері, қолөнершілер, зергерлер мен компанияның өндірістік құрылымдық бөлімшелері қызметкерлері – «Ембімұнайэнерго» басқармасының өндірістік қызмет көрсету учаскесінің жұмысшысы Жанәбіл РАХМЕТОВ пен релейлік қорғау, автоматтандыру және метрология бөлімшесінің инженері Ильярика ДЯТЛОВА өздері дайындаған қолөнер бұйымдарын жәрмеңкеге ұсынды. Қайырымдылық шарасында екі шебер дайындаған қолөнер бұйымдары да үлкен сұранысқа ие болды.

Қайырымдылық шарасынан түскен 345 190  теңгеге толығымен көмекке мұқтаж отбасыларға жұмсалады. Орталық басқару аппаратының қызметкерлері – А.Бударина, Ж.Арықбаева, келешекте дамыту блогының жас қызметкерлері, Ә.Калибекова, Б.Ерниязова, Г.Калипина, Э.Давлеталиева да жәрмеңкені өткізуге атсалысып, өз қолымен дайындаған бұйымдары мен тағамдарын ұсынды.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 833 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.