сайт статистики

Ембіліктер көрші облыстағы компаниялармен тәжірибе алмасуда

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның (Компания немесе ЕМГ) Басқарма төрағасының орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ бастаған әлеуметтік саланың, жұртшылықпен байланыс қызметі мен құжат айналымы тобының мамандары Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» (бұдан әрі ҚПО) компаниясының әлеуметтік инфрақұрылымы бағытындағы жұмыстарымен тәжірибе алмасу мақсатында іс-сапарда болып қайтты.

 Танымдық сапарға Компанияның өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің басшылары, басқару аппаратының әлеуметтік саясат департаментінің, қоғаммен байланыс қызметінің және құжаттармен қамту тобының қызметкерлері қатысты.

- Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік. Осы мақсатта еліміздегі ірі мұнай-газ конденсантын өндіретін ірі кеніш – Қарашығанақта болып, жұмысшыларға көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектер мен өңірдің инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы игі шаралардың орындалуымен танысу үшін екіжақты кездесу ұйымдастырылуда. Компаниялар арасындағы әріптестік байланысты нығайту арқылы жаңалыққа бағытталған жаңа шаралармен танысамыз, тың жобаларды жүзеге асыру жолында бірлескен жұмысты жандандырамыз деген ойдамыз, - деп атап өтті кездесу барысында ЕМГ Басқарма төрағасының орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ.

Сапар барысында ембіліктер Қарашығанақ кен орнының әлеуметтік нысандарында болып, жұмысшыларға жасалған әлеуметтік көмектермен жан-жақты танысты. ҚПО мамандары ЕМГ өкілдеріне кәсіпорынның қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік пакет шеңберінде қызметкерлерге көрсетілетін медициналық қызметтер, демеушілік пен қайырымдылық жобаларының жүзеге асуы туралы баяндады. 

 «Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 833 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.