Ембілік қаржыгерлер өз жобаларын талқылады
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгенің айналымға шыққанына 25 жыл толуына және ҚР қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) алғашқы рет сала қызметкерлерінің басын қосқан конференция ұйымдастырылды.
- «Ембімұнайгаз» АҚ қаржы блогы бүгінгі күннің талабына сай қызмет атқарып, цифрландыру бойынша есептік жүйені барынша дамытуға күш салуда. Қазіргі уақытта салық регистрлерін автоматтандыру жұмыстары атқарылуда. Ол жүйені өнеркәсіпте пайдалануды жүзеге асыру келер жылға көзделген. Сонымен қатар, қаржы есептерін автоматтандыру, 1С «Зарплата»-дан SAP НСМ-не өту, мүлікке автоматты түрде түгендеу жүргізу және негізгі қор есебін енгізу мәселелері де күн тәртібінде өз кезегін күтуде, - деп атап өтті компанияның қаржы саласы қызметкерлерін төл мерекемен құттықтаған «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА.
Конференция барысында «Ембімұнайгаз» АҚ бас бухгалтері Н. Махамбетов, қазынашылық департаментінің директоры Қ.Қосанов, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-нің есеп жүргізу бөлімінің басшысы Н.Сатангулова, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-нің есеп жүргізу бөлімі басшысының орынбасары А.Үмбетқалиев, «Доссормұнайгаз» МГӨБ-нің есеп жүргізу бөлімінің басшысы Е.Габдуллин, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-нің есеп жүргізу бөлімінің басшысы Е.Әліпқалиев, «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармасының есеп жүргізу тобының жетекшісі Г.Құрманғалиева және «Ембімұнайэнерго» басқармасының есеп жүргізу тобының жетекшісі М.Исағалиева баяндамаларын оқыды, тәжірибелерімен бөлісті және өзекті мәселелер талқыланды.
ЕМГ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Р.Тасмағамбетова кәсіби шеберлігі мен компанияның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Компанияның өндірістік құрылымдық бөлімшелерін бухгалтерлері – Ж.ШАҚПАҚОВА, Л.МҰХАМБЕТӘЛИЕВА, А.ҚАЛЖАНОВА, Ә.ҚОЖАХАЕВ, Л.ҚАПАШЕВА, Б.ҮМБЕТЖАНОВА «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Шара соңы «Көпшілік алдында еркін сөйлеу өнері» тақырыбындағы тренингке жалғасып, мерекелік дастархан жайылды.
«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 833 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.