Халықаралық қарттар күніне орай «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) Басқарма төрағасы Ә.Е.Жақсыбеков Атырау облыстық қарттар және мүмкіндігі шектеулі жандар үйіне барды
Шара барысында компания басшысы облыстық қарттар және мүмкіндігі шектеулі жандар үйі тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады:
- Компанияның бес мыңнан астам қызметкерінің атынан еңбек еткен жылдарыңызда Қазақстан экономикасының дамуына қосқан елеулі үлестеріңіз үшін алғыс білдіре отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Ардагерлер мен зейнеткерлерді қамқорлау, ардақтау – Компанияның игі дәстүріне айналған, - деп атап өтті халықаралық мерекеге орай ұйымдастырылған концертте ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.
Қарттар және мүгедектер үйіне сапары барысында компания басшысы мұнда мекен етіп жатқан ерлі-зайыпты Славовтар құттықтады. Отағасы Николай Славов – Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері, ЕМГ және «Гурьевнефтехимстрой» тресінде көп жылдар бойы еңбек еткен. Ал, жұбайы Людмила Петровна білім беру саласындағы ұзақ жылғы абыройлы еңбегі үшін «Білім беру ісінің үздігі» атағына ие болған. Н.Н.Славов ЕМГ басшысына ілтипаты үшін шынайы алғысын білдіріп, компания ұжымына толағай табыс тіледі.
Қазіргі таңда облыстық қарттар және мүмкіндігі шектеулі жандар үйінде 103 адам мекен етсе, соның ішінде 57-сі – І және ІІ топ мүгедектері. Ал, 46-сы – мемлекет қамқорлығындағы қарт адамдар.
«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 833 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.