«Өзенмұнайгаз» қызметкерлері ембіліктермен тәжірибе алмасты
Ағымдағы жылдың тамыз айында Ембіге «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның аппарат жетекшісі Б.Мамбетсапаев бастаған бір топ тәжірибе алмасуға келіп, Компанияның интерактивті мұражайымен және электронды мұрағаттың жұмысымен танысты.
Қонақтарды Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат ГАБДУЛЛИН қарсылап, қош келдіңіздерін жеткізді.
- Қазақ мұнайының қара шаңырағы саналатын «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Әнуар Еркінұлының Жақсыбековтің атынан қош келдіңіз айтамын.
Қос компания арасында тәжірибе алмасу үрдісі бұрыннан қалыптасқан. Бұған дейін өзендік және ембілік мқнайшылар арасында өндіріс бағытында тәжірибе алмасу жолға қосылса, бүгін біздің байланысымыз әлеуметтік салада жалғасын тауып отыр, - деп атап өтті Айболат Ғизатұлы.
Қонақтарды, әсіресе, 2014 жылы ашылған интерактивті мұражай ерекше қызықтырды. Сондай-ақ, Компанияның барлық талаптарға сай заманауи секциялық стеллаждармен, басқа да жабдықтармен жабдықталған ведомстволық арнаулы мұрағатының жұмысын да жоғары бағалады.
Айта кетсек, мұрағатты жасақтау мақсатында 24 000 мұрағат ісі ғылыми-техникалық тұрғыда іріктеліп, бірыңғайланды, 688 417 құжаттың көшірмелері жасалынып, атребутталды. Бұл шамамен 1 300 000 бетті құрайды және сұраныстарға жауап дайындау мен анықтама беруге кететін уақытты үнемдейді, сондай-ақ, мұрағат құжаттарына жедел қолжетімділікті ұйымдастыру арқылы жұмыс сапасы жақсарды.
Қонақтар ембіліктерге қонақжайлықтары үшін алғыстарын білдіріп, мбіден жинақталған ақпараттар «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 55 жылдық мерейтойын тойлау кезінде құнды деректер ретінде пайдаланылатынын жеткізді.
«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09;
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 696 млрд. теңге шамасында, қайырымдылық пен демеушілік шараларына -2,3 млрд. теңге, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -2,8 млрд. теңге қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.