Атырау облысының кәсіпкерлерімен кезекті кездесу «Ембімұнайгаз» АҚ-да өтті
ЕМГ бас кеңсесінде Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен компания басшылығы мен кәсіпкерлердің ІІ кездесуі өтті.
Жиынға Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов, кәсіпкерлер мен Компанияның басқару аппараты құрылымдық бөлімшелері басшылары қатысты.
- Кәсіпкерлік саланы дамыту – ел экономикасы үшін үлкен маңызға ие. Сондықтан, Компания жергілікті кәсіпкерлермен жиі кездесу ұйымдастыру бастамасын көтерді. Бүгінгі жиыннан соң өндіріске жаңа технологияларды енгізіп, өз тауарлары мен қызметтерінің сапасына жауап беретін жергілікті кәсіпорындар мен өндірушілер сатып алу рәсімдеріне қатысатынына үмітіміз зор, - деді ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков.
Бұдан кейін Компания қызметкерлері сатып алу рәсімін жүргізу кезінде басшылыққа алатын «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесін түсіндірді. Сондай-ақ, жиын барысында кәсіпкерлерге толғандырған сауалдары бойынша Компанияның коммерциялық блогы басшылары мен мамандарынан жауап алуға мүмкіндік берілді.
- Атырау облысында 160 шақты отандық тауарөндірушілер қызмет көрсетуде. Ал, олардың қызметінің дамуы мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдеріне қатысуымен тікелей байланысты болып отыр. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы үшін сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін көбейту басты басымдық саналады. Қәсіпкерлер де өз тараптарынан белсенділік танытулары керек. Мұндай кездесулер бизнес үшін өте қажет. Өйткені, кәсіпкерлер сатып алу рәсімдеріндегі жаңалықтар мен өзгерістерді білу үшін ірі кәсіпорындар басшылары – тапсырыс берушілермен тікелей кездесе алады. Осындай ашық пікір алмасу алаңын ұйымдастырған «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығына алғасымды білдіремін, серіктестігіміз әрі қарай да дами береді деп үміттенемін, - деп атап өтті Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов.
«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);
Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 696 млрд. теңге шамасында, қайырымдылық пен демеушілік шараларына -2,3 млрд. теңге, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -2,8 млрд. теңге қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.