сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі – Компания немесе ЕМГ) барлық бөлімшелерінің қыз-келіншектеріне арналған «Өзін-өзі дамыту және ораторлық шеберлікті қалыптастыру формалары» атты тренинг өтті

Ағымдағы жылы наурыз айында «Ембімұнайгаз» АҚ-да құрылған «Мұнайшы қыз» әйелдер клубының ұйымдастыруымен өткен тренинг мұнай өндірісінде еңбек ететін қыз-келіншектердің жан-жақты дамуына, олардың ішкі потенциалын арттыруға, ұжымішілік коммуникацияны нығайтуға арналды.

- Біз, негізінен, Компанияның өндірістік алаңдарында жұмыс жасайтын әйелдерді тренингке қатыстыруға тырыстық. ЕМГ-нің тарихында ембілік әйелдер өндірістің дамуымен қатар, ұжымдағы бірлікті, моральдық-психологиялық климатты сақтауға сүбелі үлестерін қосып келеді. Бұған қоса, олар отбасының ұйытқысы болып табылады, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасының орынбасары, «Мұнайшы қыз» әйелдер бірлестігінің ұйымдастырушысы   Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА.

«Доссормұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларында 4 күнге созылған тренинг 200-ден астам қыз-келіншек қатысты.

Атырау қаласындағы «Ренессанс» қонақүйінде өткен қорытынды тренинг Компанияның  басқару аппараты, «Ембімұнайэнерго» мен «ӨТҚжЖҚ» басқармаларында қызмет ететін әйелдердің басын қосты.  

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 696 млрд. теңге шамасында, қайырымдылық пен демеушілік шараларына -2,3 млрд. теңге, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -2,8 млрд. теңге қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.