сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ-да  (бұдан әрі –  Компания немесе ЕМГ)  бойынша ұйымдастырылған дәстүрлі шара - «Үздік маман-2018» шеберлік сайысының 2-кезеңі аяқталды.

С.Балғымбаев кен алаңы

«Жайықмұнайгаз» МГӨБ

«Ембімұнайгаз» АҚ  құрылымдық бөлімшелері мамандарының арасында өткен «Үздік маман-2018» сайысының 2-кезеңі өз мәресіне жетті. «Жайықмұнайгаз» МГӨ басқармасының С.Балғымбаев кен алаңында екі күнге созылған сайыста ембілік мұнайшылар мұнай-газ саласы бойынша мамандықтың 13 түрінен өзара сынға түсті.

«Үздік маман-2018» байқауының жабылу салтанатында  «Ембімұнайгаз» АҚ  Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ  жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтап, арнайы дипломмен, ақшалай және имидждік сыйлықтармен марапаттады.

- Компанияға қарасты  басқармалардың  тек үздік мамандары ғана бас қосқан екі күндік сайыс сәтті өтті. Биылғы байқаудың ерекшелігі – қатысушылардың көбі жастар болып отыр. Соның ішінде, үшеуі – Дуалды оқыту бағдарламасы бойынша компанияға жұмысқа қабылданған жас мамандар. Өндіріске жас мамандар келіп, олардың арасынан үздік мамандардың шығуы – компанияның қол жеткізген үлкен жетістігі деп санаймын, - деп атап өтті өз сөзінде Ә.Жақсыбеков.

номинация бойынша өткен үздіктер сайысы төмендегі нәтижелермен аяқталды.

  1. «Мұнай және газ өндіру операторы» номинациясы бойынша;

І орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ операторы Айбек Тұрсынбек;

ІІ орын – «Жылоймұнайгаз» МГӨБ операторы Жалғас Рамазанов;

ІІІ орын – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ операторы Алтай  Әжіханов.

  1. «Ұңғымаларды жерасты жөндеу операторы (вахта)» номинациясы бойынша:

І орын – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ операторлары Келдібай Сариев, Орынбасар Мусиев, Саян Мұқашев;

ІІ орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ операторлары Берік Жаберов, Кадірбек Нұрғожиев, Ертай Жанайсов;

ІІІ орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ операторлары Талғат Жукеев, Серік Досқалиев, Жасұлан Мырзабаев;

  1. «Ұңғымаларды зерттеу операторы» номинациясы бойынша:

І орын – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ операторы Райымбек Сағызбаев;.

ІІ орын - «Жылоймұнайгаз» МГӨБ операторы Текеев Абай;

ІІІ орын –  «Доссормұнайгаз» МГӨБ операторы Еркін Башанов;

Ынталандыру сыйлығы – «Жайықмұнайгаз МГӨБ операторы Жасұлан Бағытжанов.

  1. Мұнай дайындау операторы (тауарлы) номинациясы бойынша:

І орын - «Доссормұнайгаз» МГӨБ операторы Қуандық Қонанов;

ІІ орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ операторы Қайрат Хисметов;

ІІІ орын - «Қайнармұнайгаз» МГӨБ операторы Құрал Абденов;

  1. «Сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының операторы» номинациясы бойынша:

І орын - «Доссормұнайгаз» МГӨБ операторы  Асылбек Көшекенов;

ІІ орын - «Қайнармұнайгаз» МГӨБ   операторы Тұрар Жайлашев;

ІІІ орын - «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ операторы  Мейрам Қаратаев;

  1. «Жер қабаты қысымын сақтау операторы» номинациясы бойынша:  

І орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ операторы  Сағынжан Молдаш;

ІІ орын – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ операторы Алшынбай Исаинов;

ІІІ орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ операторыАйдос Бисенғалиев;

  1. «Химиялық талдау жасау лаборанты» номинациясы бойынша:

І орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ лаборанты Айжан Хамитова;

ІІ орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ лаборанты Әсия Ахметова;

ІІІ орын – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ лаборанты Данияр Өмірғазиев;

  1. «Электр газбен дәнекерлеуші» номинациясы бойынша:

І орын – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ  маманы  Әнуарбек Битималиев;

ІІ орын – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ маманы Жақсылық Қасенов;

ІІІ орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ маманы Ерболат Атагузиев;

  1. «Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеуші – дәнекерлеуші» номинациясы бойынша:

І орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ  жөндеушісі Аман Танашев;

ІІ орын – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ жөндеушісі Бекболат Тәжмұратов;

ІІІ орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ жөндеушісі Ерболат Оспанов;

  1. «Токарь» номинациясы бойынша:

І орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ маманы Нұрсейіт Қоңырбаев;

ІІ орын - «Жайықмұнайгаз» МГӨБ маманы Айболат Жұмакалимов;

ІІІ орын – Жылоймұнайгаз» МГӨБ маманы  Аманбай Құсайнов;

  1. «ЦА-320» арнаулы көлігінің машинисі» номинациясы бойынша:

І орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ машинисі Нұрлыбек Жұмағалиев;  

ІІ орын – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ машинисі Нұржасар Галиев;

ІІІ орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ машинисі Айболат Рахманов.

  1. «Жүк таситын көлік жүргізушісі» номинациясы бойынша:

І орын - «Қайнармұнайгаз» МГӨБ  көлік жүргізушісі Қасым Мекебай;

ІІ орын – «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармасының машинисі Данияр Бисембаев;

ІІІ орын – «Доссормұнайгаз» МГӨБ машинисі Арман Аймағамбетов;

  1. «-Электромонтер» номинациясы бойынша:

І орын – «Ембімұнайэнерго» басқармасының «Жайық» аудандық электр торабының электр монтерлері Қуандық Хасанов, Миллат Идрисов;

ІІ орын – «Ембімұнайэнерго» басқармасының «Мақат» аудандық электр торабынын электр монтерлері Бекназар Ақмурзиев, Азамат Байөміров;

ІІІ орын - «Ембімұнайэнерго» басқармасының «Доссор» аудандық электр торабының электр монтерлері Ержан Тукенов, Ермек Жұбан;

Жүлделі І, ІІ және ІІІ орындарды иеленген үздік мамандар арнайы дипломмен, ақшалай сертификатпен және имидждік сыйлықпен марапатталды. Байқау жеңімпаздары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ шеңберінде өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.

Жалпыкомандалық есеп бойынша І орынды - «Доссормұнайгаз», ІІ орынды – «Қайнармұнайгаз», ІІІ орынды «Жайықмұнайгаз» МГӨБ командалары  иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.

Соңғы бес жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 696 млрд. теңге шамасында, қайырымдылық пен демеушілік шараларына -2,3 млрд. теңге, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға -2,8 млрд. теңге қаражат аударды.

«Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.