«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі – ЕМГ немесе Компания) қызметкерлері Қызылорда қаласында өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ спартакиадасы (бұдан әрі – «ҚМГ» ҰК» АҚ І тобының іріктеу турниріне қатысты
2018 жылғы 10-11 шілде күндері Қызылорда қаласында «ҚМГ» ҰК» АҚ спартакиадасы І тобының іріктеу турнирінде үздіктер анықталды. Жарысқа «Ембімұнайгаз» АҚ командасымен қоса, «Қазгер» БК» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Теxнологиялық транспорт және ұңғыларға қызмет көрсету» басқармасы командалары бақ сынасты.
Екі күнге созылған жарыстар үш спорттық нысанда: Мұз айдынында, «Динамо» спорт кешенінде, «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде өтті. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның намысын қорғауға 45-ке жуық спортшы-қызметкер аттанып, спорттың сегіз түрінен (баскетбол, шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, армрестлинг, волейбол, суда жүзу қатысты. Барлық ойын тартысты өтті. Ембіліктер бар мүмкіндіктерін салып, ойынның соңғы секундтарына дейін намысты қолдан бермеуге тырысты.
Іріктеу жарысының қорытындысы бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері төмендегі нәтижелерге қол жеткізді:
І орын:
- Шағын футболдан – «Ембімұнайгаз» АҚ командасы;
- Әйелдер арасында волейболдан - «Ембімұнайгаз» АҚ әйелдер командасы;
- Ерлер арасында волейболдан - «Ембімұнайгаз» АҚ ерлер командасы;
- Шахматтан – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ зерттеу жұмыстар цеxының 1-санатты геологы Білімпаз ҚАБДОЛОВ;
ІІ орын:
- Әйелдер арасында үстел теннисінен – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Батыс Қамысты кен алаңының мұнай өндіру операторы Тамара САБИРОВА;
- Әйелдер арасында тоғызқұмалақтан – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ қызметкері Айнұр МЕҢДІБАЙ;
ІІІ орын:
- Баскетболдан - «Ембімұнайгаз» АҚ ерлер командасы;
- Суда жүзу – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ ұңғыларды жерасты жөндеу операторы Әли БЕКСЕЙІТОВ;
- Әйелдер арасында шахматтан - «Жайықмұнайгаз» МГӨБ 2-категориялы инженер-химик Ақмарал УСАЛИЕВА;
- Ерлер арасында армрестлингтен (85 келі салмаққа дейін) – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ ұңғыларды жерасты жөндеу операторы Берік ҚАЛЕШЕВ;
- Ерлер арасында армрестлингтен (85 келі салмақтан жоғары) – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ слесарь-жөндеушісі Әнуарбек ДҮЙСЕМӘЛИЕВ;
- Ерлер арасында тоғызқұмалақтан – «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармасы қызметкері Тұрар ЕСТЕКОВ;
Іріктеу турнирінің ережесіне сәйкес І орын иегерлері биылғы тамыз айының Астана қаласында тамыз айында өтетін «ҚМГ» ҰК» АҚ-ның финалдық ойындарына жолдама алды.
Қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);
Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.