«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) автокөліктер мен арнаулы техниканы сату бойынша аукцион өтті
Компанияның өндіріс алаңдарында жүрген автокөлік өзінің қолданыс мезгілі біткенде ескіретіні белгілі. Алайда, бұл көліктер ауылдық жерлерде жеке шаруашылықтары бар жандарға және шағын бизнесті дамытуға жақсы қызмет көрсете алады. Сондықтан, ірі кәсіпорындарда қолданыс мерзімі біткен көліктер мен арнаулы техникаларды саттыққа шығаруды жүзеге асырылып келеді.
Ағымдағы жылдың басында ЕМГ көлік департаменті «Ембімұнайгаз» АҚ-ның ішкі рәсімдеріне сәйкес активтерді сату жөніндегі тұрақты комиссияның қарауына қолданыс мерзімі біткен 93 автокөлік пен арнаулы техника құралдарын саттыққа шығаруды ұсынды.
Активтерді сату жөніндегі тұрақты комиссияның хаттама шешіміне сәйкес орталық бухгалтерия саттыққа шығарылып жатқан әрі автокөлікке тәуелсіз бағалау жүргізіп, нарықтық бағаларын шығарды.
Бұдан кейін аудит және активтер департаменті бұл мәселені Компанияның Басқарма мүшелерінің қарауына жолдап, автокөліктер мен арнаулы техникаларды ағылшын әдісі бойынша, ал, өткізілмеген лоттар бойынша голландық әдіспен саттыққа шығару жөнінде шешім қабылданды.
Компанияның қолданыстағы рәсімдеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында аукционның өту күні, орны мен уақыты көрсетілген ресми хабарлама жарияланды. Аукционға заңды тұлғалармен қоса кез келген жеке тұлғаларға да, сонымен қатар, ЕМГ қызметкерлеріне де қатысуға мүмкіндік берілді.
2018 жылғы 21 маусым күні ағылшындық әдіспен яғни, бағаның өсіміне қарай өткен аукционға қатысуға 60 адамнан жоғары өтініш түсті. Аукционның қорытындысы бойынша 44 миллионнан астам теңгеге 29 бірлік техника сатылды.
Аукционның жалғасы келесі күні – 2018 жылғы 22 маусымда бағаның төмендеуіне қарай голландық әдіс бойынша ұйымдастырылды. Мұнда 64 автокөлік құралы мен арнайы техникасы саттыққа шығарылып, оған 30-дан астам адамнан сұраныс түсіп, нәтижесінде 8 миллионнан астам теңгеге 18 автокөлік құралы мен арнайы техникасы сатылды.
Екі аукцонның қорытындысы бойынша саттыққа шығарылған 93 автокөлік құралы мен арнайы техникасының 47-сі сатылды. Саттықтан түскен қаражат 52 миллионнан астам теңгені (50,2 %-ды) құрады.
Қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);
Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.