сайт статистики

Кәсіби мереке қарсаңында «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) қызметкерлері марапатталды

Атырау облыстық әкімдігінде Химиялық өнеркәсіп қызметкерлерінің күніне орай өткен салтанатты жиында Компанияның өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің (бұдан әрі – ӨҚБ) 2 қызметкері саланың дамуына қосқан үлестері үшін мемлекеттік органдардың Алғыс хаттарымен марапатталды.   

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Алғыс хатымен «Жайықмұнайгаз» МГӨБ С.Балғымбаев кен алаңының мұнайды дайындау және айдау цехының 4 разрядты химиялық талдау зертханашысы Айғаным МАРДАШЕВА марапатталды. Ал, Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты «Доссормұнайгаз» МГӨБ мұнайды дайындау және айдау цехының инженер-химигі Сая АТЫРАУОВАҒА табыс етілді.

Қазіргі таңда ЕМГ ӨҚБ-да 12 инженер-химик және 79 химиялық талдау зертханашысы қызмет етуде.

Анықтама үшін: Химиктер күні 1980 жылы 1-қазанда КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының «Мерекелік және атаулы күндер туралы» Жарлығымен қабылданып, жыл сайын посткеңестік елдерде мамыр айының соңғы жексенбісінде аталып өтеді.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

 Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.