сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі – ЕМГ немесе Компания) Жеңістің 73 жылдығына арналған бірқатар шаралар өтті

3-мамыр күні Компания басшылығы ЕМГ-де ұзақ жылдар еңбек еткен Ұлы Отан соғысының 7 ардагерінің үйлеріне барып, мерекемен құттықтады. Ардагерлердің әрқайсысына азық-түлік себеті мен 200 мың теңге табыс етілді.

4-мамыр күні Компания соғыс ардагерлеріне, тыл ардагерлері мен интернационалист жауынгерлерге дәстүрге сай «Азалы ана» мәңгілік алау жанында салтанатты шара ұйымдастырды.

- Соғыстың алғашқы күндері-ақ мыңдаған ембілік мұнайшы майданға аттанды. Ал, мұнай кәсіпшіліктерінде қалған жұмысшылар еңбек майданындағы ауыр жауапкершілікті сезіне білді. Ембілік мұнайшылар соғыс жылдарында мұнай өндіруді жеделдетіп қана қоймай, Украина мен Закавказьедағы қираған кәсіпшіліктердің орнын алмастыра білді. Сол кезеңде жасақталған арнайы топтар «қара алтынды» өндіріп, майдан шебіне жіберу үшін тәулігіне 13-14 сағаттан жұмыс жасады. Ембі мұнайы таза болғаны соншалық, танктардың багына бірден құйылды. Соғыс жылдарында КСРО-да өндірілетін жағармай материалдарының 80 пайызы Ембі кен алаңдарының мұнайынан дайындалды.   

Ембіліктер соғыста қаза тапқан мұнайшы-жауынгерлерді құрметпен еске алып отырады, мұнай кәсіпшіліктерінде қызмет еткен тыл еңбеккерлерінің ерлігін жоғары бағалап, соғыс және тыл ардагерлеріне қамқорлық танытып келеді, -деп атап өтті салтанатты  шарада ЕМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат Ғизатұлы ГАБДУЛЛИН.

Шара барысында Компания басшылығы, қызметкерлері ҰОС ардагерлерімен, тыл еңбеккерлерімен, Ауған жауынгерлерімен  бірге ЕМГ кеңсесі жанында орналасқан «Азалы ана» мәңгілік  алаңға гүл шоқтарын қойды. Салтанатты шара Д.Нұрпейісова атындағы мәдениет үйінде  «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» тақырыбындағы мерекелік дастархан басында жалғасты. 

9-мамыр күні Орталық аппараттың және  өндірістік құрылымдық бөлімшелер - «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК» басқармаларының  ұжымдары Жеңіс саябағында өтетін жалпықалалық «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою салтанатты шарасына  қатысады.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.

«Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.