сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі – ЕМГ немесе Компания) «МЕН – ЕМБІЛІКПІН!» бірінші ұжымдық шығармашылық байқауы қорытындыланды

ЕМГ Басқарма төрағасының 2017 жылдың және 2018 жылғы І тоқсанының қорытындылары бойынша ұжым алдында есеп беру жиыны барысында «Мен – ембілікпін!» шығармашылық байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталды.

- Байқау барысында ембілік қызметкерлер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін байқатқан, – деп ЕМГ Басқарма төрағасының Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ конкурсқа қатысушыларға алғыс білдірді.

Компания тарихындағы тұңғыш ұжымдық шығармашылық байқау 2018 жылғы ақпан айы мен 12-наурыз аралығында ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: Компанияның жұмысшылары арасынан шығармашылыққа жақын адамдарды анықтау, жұмыс күндері туралы қызықты әңгімелерді тыңдау, әр ұжымның ішкі жағдайын сезіну, өндіріс үдерістерін, қауіпсіздік техникасы мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсарту жөніндегі ұсыныстар мен жаңа идеяларды тыңдау және т.б.

12-наурыз күні Компанияның топ-менеджменті, Кәсіподақ ұйымы, департаменттер мен қоғаммен байланыс қызметі жетекшілерінен құралған қазылар алқасы байқауды қорытындылады. Жалпы алғанда, байқауға Компанияның басқару аппараты мен өндірістік құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінен 23 еңбек келіп түсті. Ұсынылған шығармашылық жұмыстар әртүрлі жанрда – мақала, эссе, репортаж, фоторепортаж, сурет, бейнеролик түрінде қабылданды.  

«Ұжымым – менің мақтанышым» номинациясы бойынша:

  • І орынды «Қайнармұнайгаз» МГӨБ ұңғыларды жерасты жөндеу цехының ұжымы жеңіп алды;
  • ІІ орынды «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Кенбай МГӨС қабат қысымын ұстау бөлімшесінің механигі Асылан ЖОЛАЕВ иеленді;
  • ІІІ орын «Қайнармұнайгаз» МГӨБ қолданыстағы құрал-жабдықтарды жөндеу және прокаттау бөлімшесінің шебері Нұркен ЖАМАЛОВҚА бұйырды.

 «Менің әріптесім – тамаша жан» номинациясы бойынша:

  • І орынды «Ембімұнайгаз» АҚ Жаңа техника және технология департаментінің директоры Рауан САБИРОВ жеңіп алды;
  • ІІ орынға «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Терең-өзек мұнай өндіру цехының қабат қысымын қолдау операторы Гүлбағыт ИСПАНҒАЛИЕВАНЫҢ шығармашылық жұмысы лайық деп танылды.

 «Мен таңдаған  кәсіп» номинациясы бойынша:

  • І орынды «Доссормұнайгаз» МГӨБ әлеуметтік мәселелер жөніндегі 2-категориялы маман Жанат АРЫСТАНОВА жеңіп алды;
  • ІІ орынды «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай және газ өткізу департаменті директорының орынбасары Елена МАВРЕШКО иеленді;
  • ІІІ орын «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ, студент-стажер Тұрсынгүл ЖАНТІЛЕУОВАҒА бұйырды.

Соңғы номинация бойынша ынталандыру сыйлықтарына «Қайнармұнайгаз» МГӨБ еңбекке ақы төлеу және қызметкерлерді басқару бөлімінің еңбек жөніндегі 1-категориялы экономисі Нұрсұлтан ЕЛЕУСІНОВ пен Компанияның күрделі құрылыс департаментінің ұжымы ие болды.

Сонымен қатар, байқауға белсенділікпен қатысқан «Қайнармұнайгаз» (7 еңбек) және «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ ұжымдары (6 еңбек) Алғыс хатпен марапатталды.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары.«Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.