сайт статистики

Баспасөз хабарламасы. Атырау облысы Қызылқоға ауданында денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Баспасөз хабарламасы. Атырау облысы Қызылқоға ауданында денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Миялы (Атырау обл), 6 желтоқсан 2012 ж. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Қызылқоға ауданының орталығы Миялы селосында денешынықтыру-сауықтыру кешені салтанатты түрде ашылды. Бұл «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан былау Компания) құрылысына қаржы аударған Атырау өңірінде пайдалануға берілген бесінші спорт кешені.

Салтанатты шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Асқар Абдиров қатынасып, аудан жұртшылығын жаңа ғимараттың ашулы салтанатымен құттықтады. Сонымен қатар Атырау облысы мен «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ арасындағы бірлескен жұмыс ағымына кеңінен тоқталып өтті.

ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ мұнайлы аймақтардың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға белсенді атсалысып келеді. Компания мен Атырау облысы әкімдігімен арада қол қойылған өзара түсіністік және ынтымақтастық Меморандумы бойынша мұнайлы өңірге қомақты қаражаттар бөлініп, бүгінде көптеген игі істер нәтижесін тауып отыр. Жергілікті атқарушы орган мен Компания арасындағы Әлеуметтік серіктестік туралы құжаттың мақсаты әлеуметтік нысандардың құрылысын салу, жөндеу және қайта жаңарту, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жергілікті халықтың күнкөріс жағдайын көтеру. Республика бойынша 11 әлеуметтік жобаға демеушілік көрсеткен Компания 2011 жылда жалпы көлемі 6 516 494 200 теңге бөлген. Оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша 1 542 530 000 теңге, Атырау облысына 969 400 000 теңге жұмсалған.

Доссор кен алаңының 100 жылдық торқалы тойына орай Мақат ауданы Доссор кентінде 80 орында «Ботақан» балабақшасы пайдалануға берілді. 180 000 000 теңгеге салынған балабақша заман талабына толықтай сай келетін заманауи ғимарат.

Доссор кентіндегі «Мұнайшы» мәдениет сарайы қайта жарақтандырудан өтті. Мәдениет сарайы күрделі жөндеуден өтіп қана қоймай, қосымша бөлмелермен толықтырылды.

Доссор Денешынықтыру-сауықтыру кешеніне күрделі жөндеу жүргізіліп, спорт кешені толықтай жаңғыртылды.

Компания тарапынан құрылысына қаржы бөленген Миялы селосындағы денешынықтыру-сауықтыру кешені Атырау облысындағы бесінші спорт кешені. Мердігер мекеме- «Милхаус» ЖШС Атырау өңіріндегі ірі құрылыс мекемелерінің бірі. 2011 жылдың сәуір айында құрылысы басталған спорт кешені 2012 жылдың қаңтар айында пайдалануға тапсырылып отыр. Спорт кешені қажетті жабдықтармен толықтай қамтылып, күрес, бокс, тернажер және шағын аяқ доп залдарымен жабдықталған. Сонымен қатар мұнда жергілікті халықтың волейбол, баскетбол спорт түрлерімен де айналысуға жағдай қарастырылған. Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Бибоз Шаяхметов каталмыш спорт кешені жергілікті халыққа ақылай қызмет көрсететінін атап өтті. Демек, аудан аумағындағы барлық мекеме, ұйымдардың ұжымдары алдын ала жасақталған, әкімшілік бекіткен кесте бойынша спорт кешеніне келіп, спорттың жоғарыда аталған түрлерімен айналысуға мүмкіндіктері бар.

Биыл сонымен қатар Атырау облыстық әкімдігімен бірлескен әлеуметтік серіктестік бағдарламасына орай Индер ауданы Есбол селосында, Махамбет ауданының Алмалы селосында, Жылыой ауданының Жаңақаратон селосында, Ақсай және Атырау селолық округтерінде заман талабына сай жабдықталған спорт кешенін салып, тапсыру жоспарланып отыр.