сайт статистики

«Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Ровное кен алаңында 12 орынды вагон-жатақхана пайдалануға берілді.

«Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Ровное кен алаңында 12 орынды вагон-жатақхана пайдалануға берілді.

Исатай ауданы, 23 қаңтар, 2013 ж. «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты Ровное кен алаңында 12 кісілік вагон-жатақхананың ашылу салтанатты шарасы өтті. Оған «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры Ж.Жамауов пен бас директордың жалпы істер жөніндегі орынбасары Н.Тухватуллин, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ басшылығы, мұнайшылар мен ардагер-мұнайшылар қатысты.

Ровное кен алаңындағы 10 кісілік жатақхана 1978 жылы пайдалануға берілген. Нысанның ескілігі, талапқа сай келмейтіндігі жиындарда жиі айтылып, жаңарту жәйі күн тәртібіне көтерілген еді.

- Компания басшылығының ұстанған бағыты- мұнайшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту барысында соңғы 5-6 жылда үлкен ілгері басушылық анық байқалады. Ембі кен алаңдары толықтай әлеуметтік нысандармен қамтылған. Ендігі мақсат, оларды жаңарту және кеңейту. Міне, бүгін Ровное кенішіндегі жаңа вагон-жатақхана осы мақсаттың көрінісі-деп атап өтті салтанатты шарада «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры Ж.Жамауов.

Өнім өндіру көрсеткіші шағын кен алаңдарын вагон-жатақханамен қамту барысы соңғы уақытта Ембі өндірісінде кең қолға алынуда. «Қайнармұнайгаз», «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларының кен алаңдарында шағын вагон-жатақханалар орналастырылған. Вагон-жатақхананың тиімділігі көп қаражат кетпейді, әрі құрылыс жұмысы аз уақыт ішінде аяқталады. Оның үстіне нысанның бөлшектері құрастырмалы. Кез-келген уақытта вагон-жатақхананы жинақтап алып, келесі кенішке орналастыру өте тиімді.

Вагон-жатақханада еңбек адамына қажетті барлық жағдайлар қарастырылған. Демалыс бөлмесі керекті жабдықтармен, тоңазытқыш, желдеткіш, теледидар, медицина орталығы, душевой кабиналары жұмыс істеуде. Вагон-жатақхана бөлмелері екі адамға шақталған.

АНЫҚТАМА

«Жайықмұнайгаз» МГӨБ-на қарасты 4 мұнай-газ өндіру цехы бар. Ровное кен алаңы №1 мұнай-газ өндіру цехының құрамында.

«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі