Баспасөз хабарламасы. «Татнефть» ААҚ-ның мамандарынан құрылған делегация мүшелері «Ембімұнайгаз» АҚ-да іс сапарда болды.
Баспасөз хабарламасы. «Татнефть» ААҚ-ның мамандарынан құрылған делегация мүшелері «Ембімұнайгаз» АҚ-да іс сапарда болды.
Атырау. 31-қаңтар, 2013 ж. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ мен «Татнефть» ААҚ арасында Әріптестік байланысты нығайтуды көздеген Меморандумға 2012 жылдың 28 қарашасында қол қойылған болатын. Осы құжаттың аясында «Татнефть» ААҚ-ның делегациясы «Ембімұнайгаз» АҚ-да екі күндік іс сапарда болды. Ресейлік және қазақстандық мамандардың кездесуі мұнай өндіру қарқынын арттыру мақсатындағы жаңа технологияларды өндіріске енгізу төңірегінде өрбіді.
Кездесу барысында «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Абат Нұрсейітов қазақстандық мұнай өндіруші компанияның бүгінгі тыныс-тіршілігіне кеңінен тоқталып өтсе, «Татнефть» ААҚ делегациясының жетекшісі Рафаэль Афлетонов ( "Татнефть" ААҚ Өндірістік жобаларды жүзеге асыру басқармасы бастығының орынбасары)өзара тәжірибе алмасу мақсатындағы әріптестік байланыстың алдағы уақытта сәтті жалғасын табатынына сенім білдірді.
Сапардың алғашқы күнінде мамандар дөңгелек үстел басында кездесіп, мұнай-газ кен алаңдарын заман талабына сай жабдықтау жәйіне кеңінен тоқталды. Бүгінгі өндірістегі жаңа технологиялардың қолданысы туралы мамандар өз ойларын ортаға салды.
Ресейлік мамандар «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-на қарасты С.Балғымбаев кен алаңында орналасқан ілеспе газды тазарту компрессорының жұмысымен танысты.
Екі жақты кездесуге «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ -ның өкілдері де қатысты.
«Ембімұнайгаз» АҚ-да болған екі күндік сапардың соңында «Құпиялылық туралы Келімісге » екі жақты қол қойылды.
АНЫҚТАМА
«Ембімұнайгаз» АҚ-ның құрамында төрт мұнай-газ өндіру басқармасы мен екі құрылымдық мекеме бар. Өнім өндіріп жатқан мұнай-газ өндіру басқармалары: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай –газ өндіру басқармалары.
«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі.