сайт статистики

Жас суретшілердің байқауы

Жас суретшілердің байқауы

Мұнайшы балаларының арасында «Менің арманым», «Мен және менің отбасым» атты байқау осымен 2-рет ұйымдастырылып отыр. Байқауға 7-14 жас аралығындағы мұнайшылар балалары қатысып, өздерінің еңбектерін комиссияға ұсынды.

Балалардың шығармашылығын дамыту және қолдау мақсатындағы шара Астана қаласындағы салтанатты шарамен қорытындыланды. Жас суретшілер байқауының жеңімпаздары ата-аналарымен бірге Астана қаласында болып, Елорданың әдемі жерлерін аралады. Есіл бойымен Теплоходпен қыдырып, суретке түсті. «Думан» ойын-сауық орнында болып, Джунгли аниматрионикс театрындағы қойылымдарды тамашалады.

Салтанатты шараға 2005, 2007 жылдардағы Әлем чемпионы, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сапиев пен «Балапан» телеарнасының бас директоры, белгілі тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы қатысып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтарды табыс етті.