сайт статистики

Баспасөз хабарламасы. «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты барлық мекеме ұжымдарының арасында «Үздік маман» сайысының ақтық кезеңі өтті

Баспасөз хабарламасы. «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты барлық мекеме ұжымдарының арасында «Үздік маман» сайысының ақтық кезеңі өтті

Қызылқоға ауданы («Қайнармұнайгаз» МГӨБ), тамыз-2013 ж. «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты төрт мұнай-газ өндіру басқармасы мен екі құрылымдық мекеме ұжымдарының арасында «Үздік маман-2013» сайысының 2-кезеңі өз мәресіне жетті.

Екі күнге созылған сайыста әр мекеменің тек үздіктері қатысып, 13 номинация бойынша бақ сынасты. Сайыскерлер доданың алғашқы күнінде тәжірибе бойынша сынға түссе, екінші күні олардың арасында теориялық сынақ ұйымдастырылды.

Сайыскерлердің білімдеріне баға берген комиссия құрамы «Ембімұнайгаз» АҚ Орталық басқару аппаратының жауапты мамандарынан құрылды. Комиссияның қорытындысы бойынша он үш номинация бойынша үздік деп танылған мамандар «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бойынша Қызылорда қаласында өтетін «Үздік маман-2013» сайысының 3-кезеңіне жолдама алды. Сайыстың 3-кезеңінде «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазГермұнай»АҚ мен «Ембімұнайгаз» АҚ-ның үздік мамандары өз ұжымдарының намысын қорғайтын болады.

Анықтама. «Үздік маман» сайысы - Ембі өңірінде дәстүрге айналған шара. Сайыстың алғашқы кезеңі әр мекеменің өз ішінде ұйымдастырылады. 1-кезеңнен топ жарғандар «Ембімұнайгаз» АҚ бойынша өтетін 2-кезеңге қатысып, теория мен практикалық білімдерін шыңдайды. Ал, сайыстың ақтық кезеңі Қазақстан Республикасы Мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында қорытындаланады.

«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі