сайт статистики

Баспасөз хабарламасы. «Ембімұнайгаз» АҚ-да жаңа бас директор сайланды

Баспасөз хабарламасы. «Ембімұнайгаз» АҚ-да жаңа бас директор сайланды

«ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру»АҚ (ҚМГБӨ) Директорлар кеңесінің шешімімен 2013 жылдың 17 қыркүйегінен бастап «Ембімұнайгаз»АҚ («ЕМГ», «Компания») бас директоры Жұмабек Жамауовтың өкілеттігі тоқтатылды. ЕМГ Директорлар кеңесінің құрамына Махамбет Досмұхамбетов енгізілді.

2013 жылдың 19 қыркүйегінде «Ембімұнайгаз»АҚ Директорлар кеңесінің отырысында Махамбет Досмұхамбетов Компания бас директоры болып сайланды. Жаңа басшыны ұжымға ҚМГ БӨ бас директоры Абат Нұрсейітов таныстырды.

Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов 1960 жылы Гурьев (Атырау) қаласында дүниеге келген. Мәскеу мұнайхимиясы және газ өнеркәсібі институтын бітірген.  «Шығыс Мақат» кен орнын алғаш ашушы.  Әр жылдары «Мақатмұнайгаз», «Доссормұнайгаз» МГӨБ-терінде бас геолог болып қызмет  етті. Еңбек жолында «Ембімұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ, «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ жауапты қызметтерді атқарды. Жаңа қызметтік лауазымға дейін  «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.