сайт статистики

Баспасөз хабарламасы. «Ембімұнайгаз» АҚ-да 2014-2016 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шартқа қол қою рәсімі өтті.

Баспасөз хабарламасы. «Ембімұнайгаз» АҚ-да 2014-2016 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шартқа қол қою рәсімі өтті.

4 желтоқсан, 2013 жыл. Атырау қаласы. «Ембімұнайгаз» АҚ-да  2014-2016 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шартқа қол қою рәсімі өтті. Қол қою рәсіміне Атырау облыстық әкімдігінің өкілдері, «Ембімұнайгаз» АҚ орталық аппаратының жауапты мамандары, мұнай-газ өндіру басқармалары мен құрылымдық мекемелерінің басшылары, әр ұжымдағы кәсіподақ комитетінің жетекшілері мен мұнайшылар өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Жаңа Ұжымдық шартқа жұмыс беруші тарапынан «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Махамбет Досмұхамбетов, кәсіподақ ұйымы тарапынан «Ембімұнайгаз» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Мұрат Нсанбаев қол қойды.

- Қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін қамтамасыз ету, кәсіпорынның қызметіне тиімді жағдай жасау біздің мақсатымыз. Осы мақсатта күшіне енген  2011-2013 жылдар аралығындағы Ұжымдық шарт  өз міндетін  толығымен атқарды. Жаңа ұжымдық шартты дайындау үшін екі жақтан топтастырылған  жұмыс комиссиясы құрылды.   Жұмыс комиссиясы сапалы жұмыс атқарды деп есептеймін.

 2014-2016 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың бекітілуімен сіздерді құттықтаймын. Бұл ұжымдық шарт жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы жемісті ынтымақтастықтың негізі болып табылады деген сенімдемін, - деді шара барысында «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры М.Досмұхамбетов.   

Жаңа ұжымдық шарт жобасы үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап мұнайшылар еңбек ұжымдарында талқылана бастады. Олардың ұсыныс-пікірлері толықтай жинақталып, жаңа ұжымдық шарттың мазмұны мұнайшылар тарапынан айтылған ұсыныстар енгізіле отырып толықтырылды. 2014-2016 жылдарға арналған ұжымдық шарттың мақсаты – қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін қамтамасыз ету, кәсіпорынның қызметіне тиімді жағдай жасау. Жаңа ұжымдық шарт 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.  

«Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі 
телефондар: 35-50-56, 99-34-67