сайт статистики

Шығыс Мақат кен алаңында жаңа қондырғы іске қосылды

Шығыс Мақат кен алаңында жаңа қондырғы іске қосылды

«Доссормұнайгаз» МГӨ басқармасына қарасты Шығыс Мақат кен алаңында қуаттылығы жылына 40 млн текше метр газ өндіретін ілеспе газды дайындау және тасымалдау қондырғысы салтанатты түрде табыс етілді.

Жаңа қондырғы «Өндірісті техникалық жаңғырту» бағдарламасының аясында іске қосылып отыр. «Ембімұнайгаз» АҚ 23 маманы Ресейдің «Татнефть газ переработка» АҚ-на арнайы жіберіліп, оқу-дайындық курсында тәжірибе жинақтап қайтты.

Ілеспе газды дайындау және тасымалдау қондырғысы жұмысының нәтижесінде Атырау облысындағы Мақат пен Қызылқоға аудандарының елді мекендері көгілдір отынмен қамтылатын болады.

Мұндай жаңа қондырғы «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты «Жайықмұнайгаз» МГӨ басқармасының С.Балғымбаев кен алаңында да орнатылған. «Жайықмұнайгаз» МГӨ басқармасы орналасқан Исатай ауданының тұрғындарын көгілдір отынмен қамтитын боламыз.