Кен алаңдарында электр жүйесі үздіксіз жұмыс істеуде
Кен алаңдарында электр жүйесі үздіксіз жұмыс істеуде
«Ембімұнайгаз» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесінің бірі «Ембімұнайэнерго» басқармасында «Шебер күні» аталып өтті. Бұл өндіріс бойынша әр тоқсан сайын өткізіліп отыратын міндетті шара, өйткені әңгіме өзегі өндірісі үшін аса маңызды қауіпсіздік мәселесіне арналады.
Жиынға басқарма мен құрылымыдық бөлімшелерінің техника қауіпсіздігі бойынша шеберлері мен инженерлері қатысты. Шараға Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары , «Медикер» ЖШС мамандары шақырылды.
«Ембімұнайгаз» АҚ өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің нысандарын тәулік бойына үздіксіз электрмен жабдықтау және энергожабдықтарға техникалық қызмет көрсету «Ембімұнайэнерго» басқармасы мамандарының негізгі міндеті. Барлық мұнайгаз өндіру басқармаларында энергетиктердің өндірістік базалары орналасқан.
Басқарма бойынша еңбек қорғау және өндірістік қауіпсіздік жағдайларын жақсарту үшін бөлінген қаражат толықтай игерілген. Айта кетерлігі, биылғы жылы да ешқандай жазатайым оқиға болмаған.
«Қайталау – оқу анасы» десек, білім жетілдіруге инженерлік-техникалық қызметкерлерден 61 адам, жұмысшы қызметкерлерден 462 адам жіберіліп, жыл бойына 10 қызметкердің біліктілік дәрежелері жоғарылаған.