Елбасының Жолдауына мұнайшылар қолдау көрсетуде
Елбасының Жолдауына мұнайшылар қолдау көрсетуде
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кезекті Жолдауында айтылған мәселелерді түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған жиын «Ембімұнайгаз» АҚ Орталық аппаратының ұжымында өтті. Оған Атырау қалалық әкімдігі мен мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
«Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Айболат Ғабдуллин жиналғандар алдында сөз сөйлеп, Жолдауда ерекше мән берілген басым бағыттарға талдау жасап өтті.
Елбасының дәстүрлі Жолдауында айтылған мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан көмектер ұйымдастырылу жәйін жұртшылық жылы қабылдап жатыр. Себебі, мүгедек жандардың қоғам өміріне араласуы, олардың еңбек етуі, білім алуы биік мінбелерден талай айтылып жүрген, нәтижесін толық таба алмай келе жатқан өткір проблема. Жолдауда бұл мәселе жан-жақты айтылған. Кәсіпорын басшыларына, қоғамдық ұйым жетекшілеріне қадау-қадау тапсырмалар да берілді. Бұл орайда «Ембімұнайгаз» АҚ-да еңбек етіп жатқан мүмкіндігі шектеулі жандардың қатары 1,2 пайызды құрайды. Мүмкіндігі шектеулі қазақстандық азаматтардың құқығын қорғау мақсатында акционерлік қоғам заң талабына сай қызмет етуде.
Бұдан өзге Жолдауда айтылған Жастармен жұмыс жүргізу, жер асты байлығын тиімді пайдалану, қазба байлықтарымызды болашақ ұрпаққа аманаттау, мамандардың кәсіби білім деңгейін көтеру жәйттарына орай жиналғандар өз пікірлерін ортаға салды.