сайт статистики

Ембілік мұнайшылар Алғыс хатпен марапатталды

Ембілік мұнайшылар Алғыс хатпен марапатталды

2014 жылдың 1-қаңтарынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері мен жұмысшылары үшін  әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін қамтамасыз ететін   2014-2016 жылдарға арналған    жаңа Ұжымдық шарт күшіне енді.

Жаңа Ұжымдық шарттың жобасын жасақтауда ембілік мұнайшылар бір кісідей  жұмыла кірісіп,  белсенділікпен үлес қосты. 2013 жылдың   мамыр айынан бастап акционерлік қоғам тарапынан құрылған екі жақты топ,    Кәсіподақ ұйымы мен Жұмыс беруші тараптарынан  болған  жұмысшы комиссиясы барлық  еңбек ұжымдарымен кездесіп,  жаңа жобаны жан-жақты  талқылады.  Жұмысшылардың  ұсыныс-пікірлері толықтай жинақталып, жаңа ұжымдық шарттың мазмұны мұнайшылар тарапынан айтылған ұсыныстар енгізіле отырып жасақталынды.

2014 жылдың 1-қаңтарынан бастап жаңа Ұжымдық шарттың күшіне енуіне орай   «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Абат Нұрсейітов «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры Махамбет Досмұхамбетов пен акционерлік қоғамның Кәсіподақ ұйымының жетекшісі Мұрат Нсанбаевқа Алғыс хатын жолдады. Алғыс хатта

-  Мұнайшылардың еңбек және әлеуметтік қатынастарын реттейтін жаңа Ұжымдық шартты әзірлеп, талқылап, қабылдау жолында атқарған еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін, - делінген.     

«Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры Махамбет Досмұхамбетов Кәсіподақ ұйымының жетекшісі М.Нсанбаевқа Алғыс хатты салтанатты түрде табыс етті.

Кәсіподақ ұйымы мен Жұмыс берушінің бірлесе, өзара түсіністікте еңбек етіп, үлкен белсенділік танытқаны үшін мұндай Алғыс хат «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры Махамбет Досмұхамбетовке де табыс етілді.