сайт статистики

Ерлерге тағзым

Ерлерге тағзым

«Ембімұнайэнерго» басқармасында Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай жиын  өтті. Оған  басқарманың аға буын өкілдері, жастар, ауған соғысының және Чернобыль апатын жоюға ат салысқан ардагерлер қатысты.   Жиын      инетернационалдық борышын өтеу  үшін мерт болған ауған жауынгерлерін еске алған  бір минут  үнсіздіктен басталды.  Бас қосу барысында сөз сөйлеген басқарма басшысы Т. Айтбаев, кәсіподақ комитетінің төрағасы С. Шеруенов сұрапыл соғыстың қаншама адамға қайғы-қасірет әкелгеніне тоқталып өтті.  Ауған соғысының ардагерлері де ішкі  толғаныстарын  жасырмай, сұрапыл кезеңді тағы бір сәт еске алды. Солардың  бірі- ауған соғысының ардагері, электр химиялық қорғау қызметінің   жөндеушісі Н.Шманов шараны ұйымдастырушыларға барша ауған жауынгерлерінің алғысын жеткізді.

- Ауған соғысы - ұлы отан соғысыннан да ұзаққа созылған қасіреттің бірі. Алайда, сұм соғыс салған зардап әлі жойылар емес. Елге залал әкелген соғыстың қандайы болмасын , олар    ұмытылмайды. Сондықтан жауынгер-интернационалисттерді еске алған бұл күн қуаныш пен өкінішке толы.  Қуаныштысы осыдан 25 жыл бұрын Кеңес әскері ауған жерінен шығарылды. Соғыс тоқталды. Өкініштісі өзге елде  қандастарымыздың     опат болғаны. Қаншама жауынгерлер елге мүгедек  болып оралды. Бұл – ата-ана, достар,туған туысқандар үшін орны толмас қайғы. Сондықтан осындай бас қосуды  ұйымдастырып , тәрбиелік мәні зор шараны ұйымдастырушыларға     алғысым шексіз.  Тарих ұмытылмақ емес. Оны жастардың бойына дарытатын осындай іс-шаралар, -деді ауған жауынгері.

Жиында ауған жауынгерлеріне Алғыс хат пен   қаржылай сыйлықтар табыс етілді.