сайт статистики

Мұнайшы қыз Елбасымен кездесті

Мұнайшы қыз Елбасымен кездесті

Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің экономика, саясат, өнер мен әлеуметтік салада қайраткерлігімен танылған бір топ қыз-келіншектерді қабылдады. «Көктем шуағы» атты Елбасымен болған кездесуге еліміздің барлық өңірлерінен 25 қыз-келіншек жиналды. 

8 наурыз ха­лықаралық әйелдер күні қар­са­ңында Елбасының  қабылдауында болған нә­зік жандылардың ішінде «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының токарі Майра Аманова да болды. Елбасының қабылдауында болған бұл алғашқы ембілік мұнайшы қыз.   М.Аманова еліміздің мұнай-газ саласында 25 жылға тарта уақыт еңбек етіп келеді.

Майра  еңбек ететін өндірістік құралдарды жөндеу және пайдалану цехында өндіріске аса қажетті саймандар   жөнделеді. Өндірістің сұранысын дереу қамтамасыз етіп отырған цех   мұнай кеніштерінің  үздіксіз жұмыс істеуіне үлес қосып келе жатқан ұжымның бірі. Майра Аманова - 4 баланың анасы. Жолдасы Сыражан да мұнай-газ саласында ұзақ жылдардан бері еңбек етіп келеді.