Мұнайшылар сенбілікке бір кісідей қатысты
Мұнайшылар сенбілікке бір кісідей қатысты
Сәуір айы басталасымен мұнайлы өңір-Атырауда дәстүрлі шара басталды. Елді мекендерді тазарту, көгалдандыру жұмысы ұйымдастырылып, оған Атырау қаласындағы барлық мекеме-кәсіпорындар, ұйымдар қатысты.
Атырау қаласы бойынша жарияланған екі айлық жалпықалалық сенбілікке «Ембімұнайгаз» АҚ Орталық аппаратының ұжымы бір кісідей атсалысты. Орталық аппараттың ұжымы өздеріне бекітіліп берілген аумақты тазартып, ағаштардың түбін қопсытып, әктеп қала көркін асыруға үлес қосты. Әсіресе, сенбілікке ембілік жастардың белсенділігі жоғары болды.