Бірліктің үлгісін паш еткен
Бірліктің үлгісін паш еткен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 1996 жылғы Жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні ретінде аталып өтуде.
100-ден астам ұлт тұратын Қазақстан халқы үшін бұл мерекенің орны бөлек. Атырауда өткен Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған салтанатты шеруге «Ембімұнайгаз» АҚ мұнайшылары да ұйымшылдықпен қатысты.
Өлкедегі мұнай-газ өндірісі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін беріп отыр. Бүгінде Қоғамда 5600-дей мұнайшы еңбек етеді. Олардың бәрі де халықтар достығын нығайтуға өз үлестерін қосып келеді.
Сондай-ақ, облыста 17 этно-мәдени орталық бар, олар аймақтың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне өлшеусіз үлес қосып отыр. Бүгінде қала аумағында «Достық үйі» салынып жатыр, оның құрылысы биыл күзде бітеді деп күтілуде.