Мұнайшылар аудан жұртышылығын мерекемен құттықтады
Мұнайшылар аудан жұртышылығын мерекемен құттықтады
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Қызылқоға ауданының орталығы Миялы селосындағы «Арман» мәдениет үйінде «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының ұйымдастыруымен «Мұнайшылар жырлайды» атты концерт өтті.
«Қайнармұнайгаз» МГӨБ - Қызылқоға ауданындағы жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып, аудан инфрақұрылымының дамуына қаржылай демеушілік көрсетіп келе жатқан іргелі ұжым. Басқарма ұжымы аудан ішілік ұйымдастырылатын мәдени-спорт шараларына үнемі ат салысып, ауданның тыныс-тіршілігінен тыс қалған емес.
Айтулы даталар қарсаңында басқарма ұжымы аудан халқына арнап әр түрлі шараларды ұйымдастырып отыруды дәстүрге айналдырған. Соның бір куәсі- «Мұнайшылар жырлайды» атты мерекелік концерт.