сайт статистики

Мұнайшы балаларының байқауы

Мұнайшы балаларының байқауы

1-маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы «Менің бақытты балалық шағым» атты балалар байқауын өткізді.

Балалардың шығармашылығын дамытып, дүниетанымын кеңейту мақсатындағы байқауға 7 мен 14 жас аралығындағы мұнайшылардың балалары қатысып, «Менің туған жерім», «Менің досым», «Мен тұрған көше» тақырыптарында шығарма, өлең жазып, өздері түсірген фото-суреттерін жолдады. Нәтижесінде байқауға 36 баланың еңбегі келіп түсті. Байқауға түскен балалар туындылары 3 номинация бойынша сарапқа салынды.

7-9 жас аралығындағы балалардың «Үздік туындысы», 10-12 жас аралығындағы балалардың «Үздік туындысы», 13-14 жас аралығындағы балалардың «Үздік туындысы». Сонымен қатар, талантты балаларды ынталандыру үшін «Жақсы жұмыс» номинациясы бекітілді. 21- сәуір мен 21- мамыр аралығында ұйымдастырылған байқаудың қорытындысын шығару үшін комиссия құрылып, комиссия мүшелерінің ұйғарымы төмендегідей болды.

7-9 жас аралығындағы балалардың «Үздік туындысы» номинациясы бойынша

1-орын Қуандық Жадыра (шығарма)
2-орын Аян Рахметкали (өлең)
3-орын Арон Аманер (шығарма)

«Жақсы жұмыс» номинациясы бойынша

Ануарова Асем (сочинение)

10-12 жас аралығындағы балалардың «Үздік туындысы» номинациясы бойынша

1-орын Ерназарұлы Думан (өлең)
2-орын Ақерке Әбішқызы (шығарма)
3-орын Динара Мүсілім (шығарма)

«Жақсы жұмыс» номинациясы

Дилназ Жақанова (өлең)
Алтынбек Жайнарбеков (фото)

13-14 жас аралығындағы балалардың «Үздік туындысы» номинациясы бойынша

1-орын Айдын Кітапқали (өлең)
2-орын Мұса Нұрсұлтан (фото)
3-орын Мейірбек Төреғалиев (шығарма)

«Жақсы жұмыс» номинациясы бойынша

Әнесова Жұлдыз (өлең)
Жанерке Сапуанқызы (шығарма)

Жеңімпаз балаларды марапаттау салтанатты шарасына «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Сүлеймен Шотықбаев, Бас директордың Экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова, Бас директордың Жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Ержан Күзенбаев және басқарма басшылары қатысты.