Баспасөз хабарламасы. «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры М.Досмұхамбетов бір топ республикалық және аймақтық , облыстық журналистерді қабылдады.
Баспасөз хабарламасы. «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры М.Досмұхамбетов бір топ республикалық және аймақтық , облыстық журналистерді қабылдады.
«Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Махамбет Досмұхамбетов өңірде облыстық, аймақтық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында өнімді жұмыс жасап жатқан бір топ журналистерді қабылдады. Атап айтқанда, «Атырау-Ақпарат» ЖШС басшылығы мен облыстық «Атырау» мен «Прикаспийская коммуна» газеттерінің бас редакторлары, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын», «Ақжайық» газеттері, «Хабар», «Қазақстан», «24 KZ», «Астана» телеарналарының меншікті тілшілері болды.
Ресми шарадан гөрі жарасымды жүздесу деуге келетін қабылдау барысы емен-жарқын әңгімеге құрылды. Алдымен, Қоғам басшысы қаламгерлерге өзекті тақырыптарға қалам тербеп, елдің тұтастығы мен бірлігіне, тәуелсіздігіміздің баяндылығына қызмет еткен еңбектері үшін Алғыс хат пен сыйлық табыс етті. Сонан кейін журналистер өңірдегі отандық мұнай компаниясының басшылығына көкейде жүрген көптеген сауалдарын қойды.
Сұрақтар жаңа ұжымдық шарт ерекшелігі, тиімділігі төмен кеніштер болашағы, мұнай өндірудегі жаңа технологиялар қолданысы, экологиялық шаралардың жүргізілу деңгейі, мұнайшыларға жасалып жатқан әлеуметтік көмек төңірегінде өрбіді. М.Досмұхамбетов пен оның орынбасарлары қойылған барлық сұрақтарға тұшымды жауап беріп, жарасымды әңгіме мерекелік дастарханға ұласты.