сайт статистики

Пресс-релиз

Пресс-релиз

21 шілде , 2014 ж.  Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында  «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 2014 жылдың І-жартыжылдығындағы қаржылық-шаруашылық жұмыстарын қорытындылаған есеп беру жиыны өтті.

Оған «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ мен   «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы және   кәсіподақ комитетінің жетекшілері,  «Жылыоймұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнайгаз өндіру басқармалары және «Ембімұнайэнерго» мен «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен жұмысшылары қатысты. Жартыжылдық жұмыс қорытындысы бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры М.Досмұхамбетов есеп берді.

Бас директордың есебінде  жыл басынан бері     мұнай өндіру көлемі 100,1 пайызға орындалғаны, жоспардан тыс қосымша  1,81 мың тонна өнім алынғаны аталып өтті. Сонымен қатар  ілеспе газ өндіру жоспары,   қойнау қабатына су айдау шаралары да   межеленген көрсеткіштен анағұрлым жоғары орындалған.

Мұнай өндіру көрсеткіші   жаңа ұңғымаларды іске қосумен тығыз байланысты. Бұо орайда,    2014 жылдың 6 айында   жоспардағы 26 ұңғыма орнына 38 жаңа ұңғыма пайдалануға берілген. Қолданыссыз қалғаннан 12 ұңғыма іске қосылып, олардан қосымша мұнай өндіру 190 тоннаны құрап отыр. 

«Ембімұнайгаз» АҚ-да әлеуметтік салада да бірқатар жұмыстар атқарылған. Ол туралы Бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Ержан Күзенбаев баяндады.  Баяндамада   2014-2016 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың  талаптары   толықтай орындалып отырғаны аталып өтті. Яғни, қаралған барлық жеңілдіктер, медициналық сақтандыру, зейнеткерлерге қамқорлық, арнайы киіммен қамтамасыз ету, бәрі де жүйелі жүзеге асырылуда. Акционерлік қоғам Атырау қаласындағы   С.Қазыбаев атындағы №1мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне,  облыстағы аз қамтылған отбасыларына, мүгедектер мен қоғамдық ұйымдарға көрсететін қайырымдылық шараларын жүзеге асырып келеді.

Жиында сөз алған «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры Абат Нұрсейітов  Ембі өндірісіндегі жұмыстарға кеңінен тоқталып, орын алған кемшіліктерді жою жолдарын ортаға салды. Кейбір басшыларға нақты тапсырмалар да жүктелді.

Баспасөз қызметі