сайт статистики

Пресс релиз. Тұрақты жұмыс комиссиясы өндірісте болды

Пресс релиз. Тұрақты жұмыс комиссиясы өндірісте болды

22 шілде, 2014 ж. «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының бұйрығына сәйкес, жуырда комиссия мүшелері еңбек жағдайына өндірістік бақылауды жүзеге асыру, өндірістік құрылым бөлімшелерінде еңбекті қорғау, өндіріс қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитарлық жағдайы және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне бақылау жүргізу және танысу мақсатында «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-да болды.

Комиссия мүшелері Оңтүстік-Шығыс Новобогат кен орны,    Оңтүстік-Шығыс Қамысты, Оңтүстік-Батыс Қамысты, т.б. барлығы 10 кен алаңдарында болып,  жағдаймен толықтай танысты.   

Бүгінгі таңда «Жайықмұнайгаз» МГӨБ кен алаңдарында талапқа сай қызмет түрлері қамтамасыз етілген. Яғни, мұнайшылар арнаулы киімдермен, қажетті саймандармен толықтай жабдықталған. Жыл сайын осы мақсатқа бөлінген қаражат көлемі де өсуде. Еңбек қауіпсіздігін қалыптастыру мақсатында ембілік мамандар облыстағы төтенше жағдайлар департаментінің, санитарлы- эпидемиологиялық қызметтің және өртке қарсы қызмет атқаратын «Ақ берен» мекемесімен бірлесе жұмыс істеуде. Әр деңгейдегі мамандарды уақтылы аттестациядан өткізіп тұру да жолға қойылған. Жұмысшыларды оқыту жәйі де бағдарламаға сай жүргізілуде. Бір тәуірі, барлық өндірістік ғимараттарда қауіпсіздіктің алдын алуға арналған көрнекі ақпарат орнатылған.

Тұрақты жұмыс комиссиясы өндірісте орын алған кемшіліктерді де анықтады.  Өндірістегі өртке қарсы сақтандыру жұмыстары, еңбек қорғау шаралары әлі де жақсарта түсуді қажет етеді. 

Жалпы, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ бойынша біраз игі істер қолға алынып, бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқанын комиссия мүшелері атап өтті. Мәселен, Оңтүстік-Батыс Қамысты кен орнынан С.Балғымбаев кен алаңы аралығында газ желісі тартылумен қатар автожол салынып жатыр. Мультифаз насостарын іске қосу, мұнай есебін алудың жедел торабы сынды өндірістік жаңалықтар да бар. 

«Жайықмұнайгаз» басқармасында болған «Ембімұнайгаз» АҚ-ның арнайы Тұрақты жұмыс комиссиясы кен алаңдарындағы мән-жәймен толық танысқан соң, басқарма басшылығына нақты тапсырмаларды қадағалап тапсырды.

«Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі